«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХИ МАҢЫЗЫ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір Жолдауының тарихи маңызы зор. Биылғы бағдарламалық құжатты шетте тұрып жатқан қазақтар да қолдап отыр.

Таным көкжиегін кеңейтіп, өмір сүрудің жаңа тетіктеріне бағыттайтын Жолдау қазақстандықтардың бағдаршамы іспетті. Биылғы және бұдан бұрынғы тарихи құжаттарда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша мән берілген. Жергілікті басқару органдарындағы жетекшілердің жауапкершілігі, бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау, өңдеу секторында экспорттаушыларды қолдау, табыс пен тұрмыс сапасын арттыруда қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызы баса айтылды. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын заманауи агротехнологияларды тартуға бағыттау алда тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады.

“Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды”, – деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл оқытудың жеке бағдарламаларын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Әрбір балада табиғат дарытқан ерекшелік болады. Біреулері компьютер тілін жетік білсе, енді бірі ауыл шаруашылығы саласына жақын. Үшіншісі әскери қызметші болуды армандаса, төртіншілері музыкалық дарынға ие. Менің ойымша, ақпараттық технологиялар заманында олардың барлығын бір бағдарлама бойынша оқыту дұрыс емес. Кім қай салаға бейім, соны таңдауы тиіс. Балалар жүрегіне жақын саланы таңдауда терең білім алуы керек екенін Президент те айтып отыр.

Қоғамның табысты болуы білім беру жүйесіне ғана емес, аға ұрпақтың тәрбиесіне де байланысты. Дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін қазақстандықтар Жолдауда айтылған стратегиялық басымдықтарға айрықша көңіл бөлуі қажет.

Есенғали ЫБЫРАЕВ,

Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының президенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp