«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.10.2018

«ШАХНАМЕГЕ» АРНАЛДЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Фирдоусидiң «Шахнамесi» — әлем әдебиетiнiң жауһары» тақырыбында жаңа көрме ашылды.

ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Қан майданда Отан үшін от кешіп, қасық қаны қалғанша жаумен арпалысқан жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен майдангерлердің көбі туған жерге оралмады. Жат елде жер қойнына табысталғандардың бірі жерлесіміз – Қасым Жақыпов.

ҚАТЕРЛІ ДЕРТ

Еліміз бойынша қатерлі ісік ауруына шалдығу көрсеткіші біздің облыста жоғары. Қатерлі дертпен күрес жүргізуде аурудың алдын алу маңызды. Әсіресе, скиринингтік тексеру жүргізудің оң нәтижесі бар. Бұл туралы облыстық онкологиялық диспансерде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ӨНЕРДІҢ ШЕТЕЛДЕГІ “ЕЛШІСІ”

“Әннің де естісі бар, есері бар”, – деп хакім Абай айтып кеткендей, өнердің биік шыңын, бекзат түрін бағындыру әркімнің еншісіне бұйыра бермейтін бақ. Қазақтың жезтаңдай әншісі Әміре Қашаубаевтың Париж төрінде ән шырқап, Францияны тамсандырғанын кім білмейді?! Бүгінгі күні де саңлақ әншілер арасында шетелдік көрермендердің бойын балқытып, жүрегін шалқытып, өнерімен сүйсінтіп жүргендер аз емес.

СӘЙГҮЛІКТЕР ЖАРЫСЫ

Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Құлагер” ипподромында ат жарысы маусымының жабылуына арналған бәйге өтті. Оған облысымыздың барлық аудандарынан 60 спортшы қатысты.

ЖЕҢІМПАЗБЕН ЖҮЗДЕСУ

Индонезияның Джакарта қаласында өткен ХVІІІ жазғы Азия ойындарында қос алтын медальға ие болған жерлесіміз, велоспортшы Алексей Луценко елге оралды. Құрлықтық додада жұлдызы жарқыраған саңлақты теміржол вокзалында қала тұрғындары мен спорт саласының өкілдері қарсы алды.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ӨНЕГЕ

Қарапайым тігінші болған, депутат ретінде қоғам өміріне белсене араласқан Сәруар Байсаринаның өмір жолы, атқарған еңбегі – сол кездегі жастарға жігер сыйласа, өскелең ұрпаққа өнеге.

ЖӨНДЕЛГЕННЕН КЕЙІН ЖҮРУ ТІПТІ ҚИЫНДАДЫ

Айыртау ауданындағы Қарақамыс ауылының тұрғындары жол азабын тартып отыр. Ошақтың орнындай болып үңірейіп қалған жол жүргізушіге де, жолаушыға да, тіпті, автокөлікке де ауыр тиеді.

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

Жақында облыс орталығында кезінде Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы болған, саяси қуғын-сүргін құрбаны Қайсар Тәштитовке ескерткіш тақта орнатылды. Қазақ жастарының болашағы үшін күрескен қайсар азамат туралы қазақтың әйгілі академик-жазушысы Сәбит Мұқанов осыдан жарты ғасыр бұрын “Лениншіл жас” газетінде мақала жариялаған екен. Қоғамдық өмірге ерте араласқан, оның ішінде Қызылжар өңірінің дамуына еңбегі сіңген азаматтардың бірі – Қайсар …

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР Read More »

КЕНЕСАРЫ ҺӘМ ЖЮЛЬ ВЕРН

Ұсынылып отырған эссенің тақырыбына ой жүгірткен оқырман қазақтың соңғы ханы (1802-1847) мен әйгілі француз жазушысының (1828-1895) арасында қандай байланыс болуы мүмкін деген дүдәмалға берілуі мүмкін.

ЫМЫРАҒА КЕЛДІ

Ресейге сүт тауарларын тасымалдаумен айналысатын жергілікті бизнес өкілдері облыстық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің көмегіне жүгінген болатын. Тауарларының Қазақстан-Ресей шекарасында ұзақ уақыт кідіріп қалатынын айтып, шағымданған кәсіпкерлердің мәселесін палатаның заңгерлері шешіп берді.

МАҚСАТ — АЙҚЫН, МЕЖЕ — БИІК

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың ғимаратында “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының активі өтіп, оның жұмысына Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген “Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, облыстық филиалдың төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов, саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың басшылары, партия белсенділері қатысты.

БОЛАШАҒЫМЫЗ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА

Азаматтарға өмір сүру үшін қолайлы орта қалыптастыру – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгілеген басым бағыттардың бірі. Тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүруі үшін аулалар мен үйлердің маңындағы аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары соңғы уақыттарда белсенді жүргізілуде.

КӨРКІНЕ КӨЗ ТОЯДЫ

Үстіміздегі жылдың қараша айында Петропавл қаласында Қазақстан – Ресей елдерінің XV ынтымақтастық форумы өтеді. Ішкі туризмді дамыту мәселесі талқыланатын жиын барысында еліміздің солтүстік қақпасы саналатын қаламызға жүздеген мейман ат басын тірейді. Осы елеулі оқиғаға даярлық жұмыстары былтырдан бері қызу жүргізілуде. Форум аясында атқарылып жатқан істер жайлы облыс тұрғындарының ойларын сұрап білдік.

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ – ҰЛТТЫҚ РУХ ҚАЙНАРЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Қожаберген жырау – Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекеттілігінің және халық бірлігінің символы” атты республикалық ғылыми конференция өтті.

АЙБЫНДЫ БАТЫРҒА — АСҚАҚ ЕСКЕРТКІШ

Еліміздің іргесін бекемдеп, ентелеген жаумен күресте ерен ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың есімі ұрпақ жадынан ешқашан өшпейді. Облыс орталығында даңқты қолбасшы, абыз жырау, көрнекті мемлекет қайраткері Қожаберген Толыбайұлына еңселі ескерткіш ашылды.

БІРҚАТАР КЕДЕРГІЛЕР БАР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауын өңір жұртшылығына түсіндіру мақсатында Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы облысымызға жұмыс сапарымен келді.

БАСТАМАЛАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы жанындағы “Мирас” қоғамдық кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының “Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты жаңа Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. Бұл алқалы жиынға кеңес мүшелерімен қатар партия белсенділері, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ

Бүгіндері барлық өңірлер Елбасының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға жұмылған. Біздің облыста да бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. “Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қызылжар өңіріне жұмыс бабындағы сапармен келді.