ЕРЕЖЕНІ ЕЛЕМЕГЕНДЕР
Облыстың тәртіп сақшылары жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол апаттарының алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіп, бір күнде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған 134 заң бұзушылықты анықтады.
Облыстың тәртіп сақшылары жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол апаттарының алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіп, бір күнде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған 134 заң бұзушылықты анықтады.
Петропавлдағы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған “Үміт” клубында Индонезияның астанасы – Джакарта қаласында өткен Пара Азия ойындарында ел намысын қорғаған солтүстікқазақстандықтардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оған клубтың ұжымы, жарыстан олжалы оралған жерлестеріміз қатысты.
Солтүстікқазақстандық спортшы Мақсат Нүсіпов Мароккода 35 жастан асқан самбо шеберлері арасында өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, чемпион атанды.
Айыртау ауданындағы Елецкое елді мекенінде “Ньюкасл” ауруына байланысты енгізілген карантин алынып тасталды.
M.Qozybaev atyndaǵy SQMÝ-de sporttyń toǵyzqumalaq túrі boıynsha jarys ótіp, bіlіm ordasynyń stýdentterі ózara baq synady.
Суретшілер одағының 85 жылдығына орай облыстық бейнелеу өнері мұражайында көрме өтіп, тұрғындар назарына өңірімізге танымал қылқалам және қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындылары ұсынылды.
Петропавлдағы “City Mall” сауда ойын-сауық кешенінде “Мой ребенок” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аутизммен ауыратын балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.
Бүгінде бүйректің ауыр дертіне шалдыққан науқастар аз емес. Статистикалық деректерге сүйенсек, еліміз аталмыш ауруға шалдығушылардың жиілігі жөнінен алдыңғы орындардың бірінде.
Құтырма – жануарлар мен адамдарда кездесетін аса қауіпті вирусты ауру. Жүйке жүйесін зақымдайтын құтырманың соңы өлімге әкелуі мүмкін. Бұл ауру жануарлардың сілекейі арқылы жұғады. Ауруды дер кезінде анықтап, емдеу шараларын уақытында жүргізген жөн. Егер науқаста құтырманың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда оны өлімнен арашалап қалу мүмкін емес.
Бүгінде мемлекет тарапынан жас мамандарға қолдау ерекше. “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан жастарға көтермеақы төленетіні, тұрғын үй алуға қаржы берілетіні көңілге қуаныш ұялатады. Нұрсапар Басымбеков сияқты ауылға келіп, жұмыс істеуге құлшыныс білдірген жас мамандар аз емес.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Әрбір ата-ана алдымен отбасында баланың денсаулығына баса мән беруі керек. Өйткені, қазір жастардың арасында тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы мен көз, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек сырқаты жиі кездеседі. Өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің дәрігерлік пунктінің жұмысымен танысу барысында жастардың денсаулығына қатысты келелі мәселелердің барын аңғардық.
Адам баласы үшін дүние есігін ашқан елі мен жері – өзгеше өзіндік қасиеттерімен, сәулетті көріністерімен көңіл тербейді. Өйткені, көзіңді ашып көргенің, тұрмыс-тіршілікке қатысты тәжірибелерінен естігенің, ойға, көңілге түйгендерің, жадыңда сақталған елес күйіндегі әсерлерің, адамдық, тазалық, дұрыстық жолына түскенің-түсінгенің баршасы осы бір табиғат аясында, осы бір ата-ана саясында, осы бір ортада бүр жарып, бүршік атып, өсіп-жетіліп, …
Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер сияқты өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – әрбір адамның міндеті. Өңірімізде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тоғыз медициналық мекеме болса, соның ішінде Айыртау ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жетекші орынға ие.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда петропавлдық кәсіпкерді шығынға батырған экспедитордың ісі қаралды.
Биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғысы келген бір азаматқа көмектескісі келген Петропавл қаласы әкімі аппаратының қызметкері қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармадан оның құжаттарын жасырын түрде алып шыққан.
Қазақтың тойы қай кезде де тәрбие мектебі болған. Халық ауыз әдебиетіне сүйенер болсақ, бұрындары тойларда әдет-ғұрып пен салт-сана шыңдалып, өнерпаздардың бағы сыналып, аттың жүйрігі, мықты балуандар мен елдің дауын шешетін шешендер анықталған екен. Жастар өзара танысып, әнмен жырға шөлдеген халықтың рухани қажеттілігі өтелген. Бүгінгі тойлардың түр-түсі бөлек, мазмұн-маңызы да өзгеше.
2012 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығы бүгінге дейін көптеген жастың бағын ашып, түрлі бастамаларын жүзеге асыруда қолдау көрсетті. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген орталықтың директоры Талғат Қалиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауын жастарға түсіндіру мақсатында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де студенттермен кездесті.
Облыстық мәслихатта өткен семинар-кеңеске мемлекеттік органдардың, жергілікті сайлау комиссияларының, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Алқалы жиынды ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров үстіміздегі жылы еліміздегі сайлау туралы қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар нәтижесінде саяси партиялар мен үкіметтік емес сектордың сайлау процестеріне неғұрлым белсенді қатысуына мүмкіндік туғанын …
Елбасы өзінің биылғы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған алты нақты қадамды атап өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы жастар мəселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес.Елдің келешегі, тəуелсіздікті одан əрі тұғырландыратын, ауқымды стратегиялық межелерді іске асыратын жастар екені даусыз.
Жыл басынан бері “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының қарамағындағы нысандарда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Петропавл №2 жылу-электр орталығына баспасөз туры ұйымдастырылып, компанияның сараптама кеңесінің мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.