ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ
Облыс орталығында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қала тұрғынын көлік қағып кетті. Соққының қатты болғаны соншалық, зардап шегуші аяғынан айырылған.
Облыс орталығында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қала тұрғынын көлік қағып кетті. Соққының қатты болғаны соншалық, зардап шегуші аяғынан айырылған.
Жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін ұйымдастырылатын биылғы республикалық турнирге Мұхит Тұрсынов, Дәурен Нұрғожин және Қизат Қалықов сынды өңірімізге танымал балуандар жолдама алған болатын.
Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің қабырғаларына есірткі саудалап, синтетикалық психобелсенді заттарды тарататын сайттардың атауы бар граффити суреттер салған азамат ұсталды. Есірткіге тәуелді 22 жастағы келіншектің бұл әрекеті жөнінде полицияға қала тұрғындары хабарлаған.
Búgіngі tańda qorshaǵan ortany qorǵaý men tabıǵat baılyqtaryn tıіmdі paıdalaný ózektі máselelerdіń bіrі ekenі sózsіz. Bіzdіń bar baılyǵymyz, búgіnіmіz ben bolashaǵymyz – týǵan ólke tabıǵaty. Ony qorǵap, qoryn molaıtý baǵytynda qyzmet etіp júrgen mamandardyń jumysy jaýapty.
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында жерлесіміз Нұрлан Тайыровтың “Гүлдер мен бейне” атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Дарынды өнерпаздың көрмесіне зиялы қауым, жастар мен оқушылар қатысты.
Петропавлда қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында “Туған өлкеммен мақтанамын” атауымен ардагерлердің кездесуі өтті.
“Мен сенемін жастарға Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда. Мен жастарға сенемін!” – деп алты алаштың ардақтысы, жыр пайғамбары Мағжан Жұмабаев бүгінгі өрендерге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктеп, зор сенім артып кетті. Ақынның шығармалары – таусылмас кен, ортаймас қазына. Әлемдік стандартқа сай білім беретін еліміздегі іргелі оқу орны – Назарбаев Университетінің қабырғасында “Мағжан Жұмабаев …
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында агроөнеркәсіп кешеніне зор міндеттер жүктейді. Елбасы, әсіресе, суармалы жерлерді тиімді пайдалану қажеттігін қатаң тапсырды. Осыған орай алдағы бес жылдың ішінде мол өнім беретін суармалы жерлердің көлемін 40 пайызға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет.
Қызылжар ауданының орталығында орналасқан “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оқушыларды кадрлық резервке даярлауда.
Солтүстік Қазақстан облысы биылғы жылдың 9 айында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Еліміздің 17 өңірі арасында облысымыз құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп көлемі өсімінің қарқыны бойынша алдыңғы орында. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 42,3 пайызға, тұрғын үй салу – 5,5 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 7,8 пайызға, ауыл шаруашылығы – 2,1 пайызға, өнеркәсіп өндірісі – 1,8 …
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада үкіметтік емес ұйымдардың VIII азаматтық форумы өтті. Оның барысында “Мемлекет және азаматтық қоғам: бірлескен іс-әрекеттің жаңа тәжірибесі” және “Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту” тақырыптарында пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.
Осыдан он үш жыл бұрын Челябі қаласында өткен Қазақстан мен Ресей елдерінің II өңіраралық ынтымақтастық форумында қос тарап айтулы шараны жыл сайын өткізу жөнінде уағдаласқан болатын. Содан бері үзілмей ұйымдастырылып келе жатқан форум бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың және ынтымақтастықтың ажырамас әрі маңызды бөлігіне айналып отыр.
2018 жыл “ТҮРКСОЙ” халықаралық ұйымының шешімімен “Мағжан Жұмабаев жылы” болып жарияланғаны белгілі. Халқының тәуелсіздігі жолында талмай күрескен ақиық ақынның 125 жылдық мерейтойына орай ұйым Франция, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты өзге де елдерде өткен мерейлі шараларға бастамашы болып, бірегей тұлғаның жас ұрпақ жадында ұзақ уақыт сақталып, шығармаларының әлем елдерінің көптеген тілдерінде жарық көруіне атсалысты.
Астанада отандық және шетелдік инвесторлар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен “Agro Forum – 2018” форумы өтті. Шара барысында Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев үздіктерді марапаттады. Сегіз аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Үздіктердің екеуі – Қызылжар өңірінен.
Кеше облыс әкімі Құмар Ақсақалов халықаралық додалардан олжалы оралған жерлес спортшыларды қабылдады.