«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.11.2018

“ҚАЗАҚ” ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

Ұлты неміс болса да, халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тарихын жетік білген көрнекті жазушы, публицист, зерттеуші, сыншы, аудармашы Герольд Карлович Бельгер саналы ғұмырында: “Қазақтың қуанышы – менің қуанышым, қазақтың тойы – менің тойым”, – деп туған жеріне, өскен ортасына, қабырғалы қазақ еліне адал қызмет етті.

ДАУ МҰРАТЫ — БІТІМ

“Ұрыс ырыс қашырар” деп білген ата-бабамыз қандай да бір дау туындай қалса, тараптарды татуластыруға тырысып баққан. Жанжалдасқандар да ақсақалдардың бәтуалы сөзін құп көріп, бітімге келген. Кейінгі ұрпақ та сол ғұрыптан үлгі алған. Бүгінгі таңда да елімізде тараптарды татуластыруға жан-жақты жағдай жасалуда.

АҒА БУЫНҒА ІЛТИПАТ

Cылдырап аққан ерке Есілдің бойында орналасқан Шал ақын ауданының құрылғанына биыл 90 жыл толды. Осы уақытта сан-қилы кезеңдерден тұратын, өзіндік тарихы қалыптасты. 1999 жылы Сергеев ауданына көркем сөз өнерінің көрнекті өкілі, қазақтың ақтангер ақыны, әрі жырау Шал ақынның есімі берілгенде қуанғанымыз күні кешегідей көз алдымызда.

ТУҒАН ӨҢІР — ТҰНҒАН СЫР

Биыл біздің өңір үшін жемісті жыл болды. Талай дарынды құндақтаған Қызылжарда қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып, артына өшпес мұра қалдырған Қожаберген жырау, Сегіз сері, Ақан сері мен Мағжан Жұмабаев сияқты тектілердің ме-рейтойлары ел деңгейінде аталып өтілді. Енді, міне, алдымызда тағы бір ауқымды шараны өткізу міндеті тұр.

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығы саласының мәселелеріне зор мән береді. Елбасы биылғы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты тарихи құжатта агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық пайдалану керек екенін айтты. Аграрлық сектор қызметкерлеріне еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндеті …

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ Read More »

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Оның жұмысына “Нұр Отан” партиясының хатшысы Илья Теренченко мен партиялық бақылау қызметінің басшысы Асан Сағадиев, партияның облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Облысымызға жұмыс сапарымен келген “Нұр Отан” партиясы партиялық бақылау қызметінің басшысы Асан Сағадиев “Челябі – Новосібір” автожолының Солтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетін бөлігін қайта жаңарту барысымен және студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.