«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.11.2018

Қазақстан мен ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы мәдени іс-шаралар бағдарламасы

1-15 қараша Облыстық мемлекеттік мұрағат 9.00-18.00 «Солтүстік мұрасы: бірегей мұрағаттық құжаттар тарихы» жылжымалы көрмесі. С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана 9.00-18.00 М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақ халқының ұлы перзенті» фотоқұжат көрмесі.

ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР

Қазақстан мен Ресей елдерінің ынтымақтастық форумы аясында облыстық мемлекеттік мұрағатта “Солтүстік мұрасы: бірегей мұрағаттық құжаттар тарихы” тақырыбында жылжымалы көрме өтуде.

ҚОРЖЫНДА – ҚОЛА МЕДАЛЬ

Түркіменстанның астанасы – Ашхабадта ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржыны қола медальмен толықты.

ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАҢЫЗДАР

Құрметті петропавлдықтар және қала қонақтары! 9 қараша күні Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресей Президенттерінің қатысуымен XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

ОРТАҚ БАЙЛЫҚ

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында облыс орталығында бірқатар мәдениойын-сауық шаралары өтуде.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ

Облыстағы қоғамдық тәртіпке, қылмыстық атқару жүйесіне және төтенше жағдайларға жауап беретін учаскелік полиция инспекторлары есеп беруде. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Қызылжар және Шал ақын аудандарындағы учаскелік полиция инспекторларының есепті кездесулеріне қатысты.

УӘДЕ – ҚҰДАЙ СӨЗІ

Қазақта “аманатқа қиянат жасама” деген терең мағыналы тәмсіл бар. Ата-бабаларымыз уәдеге берік, сөзге мығым болған, екі сөйлемейтін асыл қасиетті берік ұстанған ғой. “Оқырманның жүрек сыры” айдарымен берілетін мақалаға арқау болғалы отырған 76 жастағы Әсия апамыздың оқиғасын ауыл үлкендерінен талай рет естіген едім. Өткен ғасырдың ауыр жылдарында қазақтың дәстүрін берік ұстанып, әкенің сөзін аттамаған бойжеткеннің әдебіне …

УӘДЕ – ҚҰДАЙ СӨЗІ Read More »

“БЕСІГІ ЖОҚ ЕЛДЕН ҚОРҚАМЫН”

Қырмызының ай-күні жетіп отыр. Сәбиін құшағына алуды тағатсыздана күткен ол перзентхананың табалдырығынан жүрексіне аттады. Құдайы тілеуін беріп, шекесі торсықтай сәби келді. Атұстардың айбатты, өжет болуын армандаған атасы оған Айдар деп ат қойды.

ҚАРА МЫСЫҚТЫҢ КЕСІРІ

Аялдама маңынан өтіп, жаяу жүргіншілер жолына жақындай бергеніміз сол еді “ГАЗель”   көлігін  тізгіндеген егде жастағы бейтаныс жүргізуші былапыт  сөздер айтып, айқайлай жөнелді. Алғашында түсінбей, абдырап қалдық. Бос шелекпен су алуға бара жатқан әйел адамның алдын кесіп өткеніне ашуланға-нын кейін білдік. Әлгі кісі “алдың-ды бос шелек ұстаған адам кесіп өтсе жолың болмайды” деген ырымға қатты сенетіні …

ҚАРА МЫСЫҚТЫҢ КЕСІРІ Read More »

БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ

Кез келген адам сыйластық, сүйіспеншілік, үлкенге деген құрмет, жомарттық, өз ісіне деген жауапкершілік сияқты адамзатқа ортақ құндылықтарды отбасынан алады. Шаңырақты ұлықтап, салт-дәстүрлерімізді насихаттауда елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының маңызы айрықша.

КІНДІК ШЕШЕ

Ғасырлар бойы аттың жалы, түйенің қомында көшпенді өмір кешкен қазақ халқы ұрпағын жаз жайлауда, қыс қыстауда, киіз үйде дүниеге әкелген. Әріге бармай-ақ өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында ауыл әйелдері өз үйлерінде босанған. Ал өмір есігін енді ашқан нәрестені көп болып күтіп алу, оның кіндігін кесу – мәртебелі де абыройлы іс болған.

ИГІ ІСТЕРІ – КӨПКЕ ҮЛГІ

Өңірімізде жыл сайын 300-ге жуық нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Олар кювездер мен арнайы кереуеттерге жатқызылады. Шақалақтардың дұрыс өсіп-жетілуі үшін арнайы күтім қажет. Петропавлдағы “28 ілмек” еріктілер клубы шала туған сәбилерге қамқорлық танытып, игі істерімен көпке үлгі болып жүр.

НҰРИКАМАЛ

Аспандағы Ай ма дедім, Жастық шағым қайда менің? Жүрегімді елжіреткен, Жаным, қандай жайдары едің?!

АНЫҚТАМА АЛУ ТЕГІН

Мемлекеттік қызметтердің жаңа реестріне сәйкес азаматтардың психоневрологиялық және нарколо-гиялық есепте тұрған-тұрмағандығы жөніндегі анық-тамалар бұдан былай тегін беріледі.

ТҮРКІСТАН — ЕКІ ДҮНИЕ ЕСІГІ ҒОЙ

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, игі іс жасауға үндеген “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласындағы қоғамды жаңғырту туралы ойлары мен бастамалары санаға сәуле түсіріп, бойға жігер берді. Бүгінде мақалада айтылған тапсырмалар еліміздің әр өңірінде сәтті жүзеге асырылуда.

ӨНЕР – ШЕКСІЗ ӘЛЕМ

Нұрлан Тайыров – қасиетті топырақтың киесі бойына дарыған өнер иесі. Туған жерден жырақта жүрсе де, жүрегі елім деп соққан суретшінің Отанға деген махаббаты шексіз. Жақында Петропавлда “Туған өңір – тұнған сыр” атты жоба аясында жеке шығармашылық көрмесі өтті. Бұл көрме Қазақстан мен Ресейдің ХV ынтымақтастық форумына орай ұйымдастырылған болатын. Оңтайлы сәтті пайдаланып, қылқалам шеберімен сырласудың …

ӨНЕР – ШЕКСІЗ ӘЛЕМ Read More »

КҮТЕРІМІЗ КӨП

Петропавл қаласында өтетін “Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері” атты XV өңіраралық ынтымақтастық форумын тағатсыздана күткеніміз рас. Оның себептері де жоқ емес. Омбы мен Солтүстік Қазақстан облысы көршілес орналасқан өңірлер болғандықтан, арадағы барыс-келіс пен алыс-беріс осы жиыннан кейін арта түседі деген сенімдемін.

АЛТЫН АРҚАУ

Екі елдің достық форумы туризмнің ғана емес, өзге де салалардың дамуына тың серпін беретін маңызды кездесу екені мәлім. Қай саладан табыс түссе де, қазынаға құйылады емес пе? Ал қазына қаржысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалады. Көрші елмен достық қарым-қатынасымыздың арқасында экономика, кәсіпкерлік қана емес, өнер мен мәдениет те құлашын кеңге сермеуде.

ӨНІМДЕРІМІЗГЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде екі ел кәсіпкерлерінің арасындағы әріптестік нығайып келеді. Көрші Омбы қаласында “ҚазМаркет” дүкендер желісінің ашылуы – соның бір айғағы.

КЕҢЕЙГЕН КӨКЖИЕКТЕР

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында көршілес және алыс-жақын шетелдермен, соның ішінде Ресеймен түрлі салада қарым-қатынасты жақсартудың тиімді тетіктері жүзеге асырыла бастады. Оның аясында түрлі шаралар қолға алынды. Меселен, екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы – жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жиын. Биыл он бесінші мәрте жалауын желбіреткелі отырған осынау …

КЕҢЕЙГЕН КӨКЖИЕКТЕР Read More »