МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС ДӘНЕКЕРІ
Ресейлік өнерпаздардың қатысуымен өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар облыс орталығындағы театрларда жалғасты.
Ресейлік өнерпаздардың қатысуымен өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар облыс орталығындағы театрларда жалғасты.
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында облыс орталығындағы “Новый свет” кинотеатрында екі елдің кино күндерінің ашылу салтанаты өтті. Шарада қазақ өнерінің құдіретін Еуропаға танытқан хас талант иесі Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін “Әміре” фильмі көрсетілді.
Форум аясында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері отандық және шетелдік туристік нысан-дардың әлеуетімен танысты. Кейін екі елдің өңірлері арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылған панельдік сессиялар барысында шекарасыз туризм – бірыңғай кеңістік құру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуетін арттыру, экологиялық туризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Туризм әлемнің көптеген елдері экономикасының негізгі драйвері саналады. Табысты сала арқылы халқының әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттырып отырған мемлекеттер аз емес. Біздің елімізде де туризмнің барлық бағытын дамытуға ерекше ден қойылып, табиғаттың өзі тарту еткен көрікті орындарымызды, жерұйық мекендерімізді туристік жұмаққа айналдыру аясында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петропавл қаласындағы теміржол автоматикасы, телемеханика, байланыс, қауіпсіздік жүйесі құрылғыларын және мұнай-газ кешені кәсіпорындарына арналған құрал-жабдықтар шығаруға маманданған зауытты аралап көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин “Қазақстан мен Ресейдің туризм саласын дамы-тудың жаңа тәсілдері мен үрдістері” атты көрмені аралап көрді. Көрмеге қазақстандық және ресейлік компаниялардың екі ел тұрғындарына арналған ауқымды туристік өнімдері қойылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Оқушылар сарайында “Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері” тақырыбындағы форумның пленарлық отырысы өтті.