«МӘҢГІЛІКТІҢ» ЖЕҢІСІ
Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Мәңгілік» би ансамблі халықаралық «Шабыт» фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді.
Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Мәңгілік» би ансамблі халықаралық «Шабыт» фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді.
Ашхабадта өткен әлем чемпионаты барысында қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдесі ресми түрде табысталды.
Футболдан Премьер-лига командалары арасында ақтық тур ойындары өтті. “Қызылжар” командасы сырт алаңда қостанайлық “Тобылмен” кездесіп, ойсырай жеңіліп қалды.
Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында орналасқан “ЕС-164/8” түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында “Колонияда ашуға болатын үздік бизнес жоба” атты байқау өтті.
Sábıt Muqanov atyndaǵy oblystyq qazaq sazdy-drama teatry Taldyqorǵan qalasynda ótken VII Ortalyq Azııa elderіnіń halyqaralyq teatr festıvalіne qatysyp, júldelі oraldy. Óner ujymy teatr maıtalmandarynan quralǵan qazylar alqasy men kórermender nazaryna “Qaragóz” qoıylymyn usynǵan.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Көкшетау қаласында өткен “Есіл-Көкше – ән мен жырдың мекені” атты аймақтық жас ақындар байқауынан жүлделі оралған жерлестерімізбен кездесу өтті.
Өнерімен әлемге танылған жерлесіміз Самал Есләмова басты рөлді сомдаған “Айка” фильмі Германияның Котбус қаласында өткен 28-ші халықаралық кинофестивальда гран-приге ие болды.
Қасым Жақыповтың фашизмге қарсы күресте “Кассе Себеро” деген бүркеншік есіммен атойлағаны енді мәлім болып отыр. Батырдың Солтүстік Қазақстан облысының тумасы екені газетіміздің 2018 жылғы 2 қазандағы санында жазылған болатын.
Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында әнші, сазгер Сегіз серінің туғанына 200 жыл толуына арналған тағылымдық кеш өтті. Кезінде ақындығымен, әншілігімен, сазгерлігімен, батырлығымен даңқы шыққан Сегіз серінің есімі ұзақ уақыт бойы ұмыт қалып келді, оның көптеген әндері халықтық шығарма ретінде орындалды. Сегіз серінің шығармашылығын зерттеушілер оның өміріне қатысты тың деректер іздестіріп тапты. Әдеби кеште көпке мәлім …
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде үстіміздегі оқу жылында ашылған жоғары медицина мектебінде жергілікті жастармен қатар шетелдік студенттер де білім алуда. Аталмыш мектептің директоры Әсет Ізденовтің айтуынша, 1 қарашаға дейін жалпы медицина мамандығы бойынша 108 студент білім алып келген. Жақында олардың қатары үндістандық 46 жаспен толықты.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы монополия субъектілерінің бағаны негізсіз көтергенін анықтады. Нақтырақ айтсақ, жеке кәсіпкерлер үшін электр қуатының құнын есептеуде тарифтің дұрыс қолданылмағаны белгілі болды.
Үстіміздегі жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен XVIII жазғы Азия ойындарында қазақстандық жеңілатлеттер 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальға қол жеткізіп, командалық есепте сегізінші орынға жайғасқан болатын. Жүлдегерлердің бірі – жерлесіміз Михаил Литвин 4х400 метрлік эстафетада қола медаль иеленді. Жақында желмен жарысқан желаяқпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Облыстық кардиологиялық орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы жанындағы медициналық орталықтың мамандары артериялық қан қысымы жоғары екі науқасқа жаңа әдіспен ота жасап, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сыныбын өткізді. Бұл шара Қазақстан мен Ресей елдерінің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында жүзеге асты.
Бүгіндері еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесі төмендетілген несие беру бағдарламалары, демеуқаржы сияқты түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, шағын шаруа қожалықтары бұл жеңілдіктер туралы біле бермейді, білгеннің өзінде көп жағдайда оны оңайлықпен ала алмайды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының ғимаратында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті облыстық департаментінің басшысы Жандос Ермағамбетовтің төрағалығымен қоғамдық тыңдау өтті. Жиында жергілікті монополистердің тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалану мәселесі қаралды.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың тиімді механизмдерін жасау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануына жол бермеу үшін құқықтық негіз қалыптастыру.
Өзіміз шалғайда жүрсек те, туып-өскен, бақытты балалық шағымыз өткен ауылымыздың орны ерекше, оның бүгінгі жағдайы, болашағы әрқайсымызды толғандырмай қоймайды. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауын үлкен үмітпен тыңдадық. Өйткені, онда ауыл тіршілігін, ахуалын жақсартуға байланысты нақты міндеттер жүктелген.
Еліміздегі осы күздегі елеулі оқиғалардың бірі – Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы. Қызылжар төрінде өткен алқалы жиын аяқталысымен жұртшылық “Жас Өркен” шағын ауданындағы сәні мен салтанаты келіскен Оқушылар сарайы мен теннис орталығына ағылды.
Еліміздің ертеңі заманауи білімге бет бұрған, ғылыммен қаруланған жас ұрпақтың қолында екені айтпаса да түсінікті. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында, бағдарламалық мақалалары мен үндеулерінде үнемі айтып келеді.
Қызылжар топырағында өмірге келіп, күллі қазақтың мақтанышына айналған Смағұл Сәдуақасов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденов сияқты қадау-қадау тұлғалар қызмет еткен облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетін көптен бері қолымнан түсірмей келе жатқан оқырмандардың бірімін.