БАТЫЛ ҚАДАМ
Тәуелсіз елдің басты сипаты саналатын ұлттық валютамыз шыққанда бөркімізді аспанға атып қуандық. Өйткені, азат ел екенімізді шын сезіндік. Сол уақытта рубльге тәуелділіктен бас тартуымыз батыл қадам болды.
Тәуелсіз елдің басты сипаты саналатын ұлттық валютамыз шыққанда бөркімізді аспанға атып қуандық. Өйткені, азат ел екенімізді шын сезіндік. Сол уақытта рубльге тәуелділіктен бас тартуымыз батыл қадам болды.
Қазақстан әлем елдері таныған, олармен терезесі тең, өзінің лайықты орны бар мемлекетке айналды. Бұл Елбасының тәуелсіздік жылдары мемлекетті нығайту бағытында атқарған сындарлы саясатының нәтижесі болып табылады.
www.akorda.kz сайтында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімі жарияланды.
Өңірімізде 2023 жылы жолаушылар тасымалымен айналысатын “БЕ-132” және төтенше жағ-дайларға арналған “БЕ-103” шағын әуе көліктері шығарылады. Атал-ған жобаны еліміздің авиация зауыты ресейлік әріптестерімен бірге жүзеге асырмақшы. Осыған орай облыстық әкімдік ғимаратында қос тарап арнайы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толды. Сонымен қатар бұл күн еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып табылады. Осы екі айтулы мереке қарсаңында “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі” республикалық мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан филиалында салтанатты жиналыс өтті.
Біртуар тұлғалар мен атақты азаматтардың кіндік қаны тамған қасиетті Қызылжардың Қазақстан мен Ресей елдері Президенттерінің қатысуымен XV өңіраралық ынтымақтастық форумын абыроймен өткізгенін естіп, осы өлкенің перзенті ретінде төбем көкке жеткендей бір қуанып қалдым. Осынау халықаралық маңызы бар ауқымды жиынды өз деңгейінде ұйымдастырған еліміздің солтүстік қақпасы саналатын Петропавлдың аты бүгінде талайдың аузына ілігіп жүргені шындық. Облыс …
Бүгінгі таңда туризм саласы көптеген елдердің негізгі табыс көзіне айналған. Бізде де отандық туристік индустрияны дамытудың “Жол картасы” аясында туризмнің барлық бағытына ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта сұлу табиғатымен көз тартатын мекендерді шетелдік қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналдыру бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда.
Ғасырға жуық тарихы бар облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газеті – өңіріміздің тыныстіршілігінен мағлұмат беріп, тұрғындардың мұң-мұқтажын, толғандырған мәселелерін дер кезінде көтеріп, оң шешім табуына ықпал етіп отырған беткеұстар басылымның бірі.
Тайынша ауданында учаскелік полиция инспекторы мен өрт сөндіруші қарияны ажал аузынан арашалап қалды.
Petropavl qalasyndaǵy “Jeńіs” balalar men jasóspіrіmder sport mektebіnde oblystyq jastar saıasaty máselelerі jónіndegі basqarmanyń bastamasymen “Muzdaǵy qaýіpsіzdіk” aktsııasy óttі.
“Мой ребенок” қоғамдық қорының өкілдері “Zhas project” жобасына қатысып, қаржылай қолдауға ие болды. Олар бұл қаражатқа дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған спорттық орталық ашты.
Кеше республика жұртшылығы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде жалпыхалықтық диктант жазды. Еліміздің барлық аймағында бір мезетте ұйымдастырылған шара біздің өңірімізде Оқушылар сарайында өтті. Оған 80ге жуық өңір тұрғыны қатысты.
«Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің бастығы Наталья Еськова Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу себебін түсіндірді. Жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді және тіркелу тәсілдері туралы айтып берді.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры Өскемен қаласында өткен “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер Рүстем Есдәулетов атындағы республикалық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды.
Петропавл қаласындағы Спорт сарайында қазақ күресінен ел біріншілігі басталды. Дүбірлі бәсекеде еліміздің барлық облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жиналған 300-ден астам балуанның арасынан шын мықтылар анықталмақ.
Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Құмар Ақсақалов аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясының жұмысына қатысты. Халық қалаулылары аудан әкімінің лауазымына ұсынылған Қайрат Омаровтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Кейін өңір басшысы әкімді аудан активіне таныстырды.