БІРІНШІЛІК МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Петропавл қаласындағы Спорт сарайында ерлер мен әйелдер арасында қазақ күре-сінен ел біріншілігі аяқталды.
Петропавл қаласындағы Спорт сарайында ерлер мен әйелдер арасында қазақ күре-сінен ел біріншілігі аяқталды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртке оранды. Тілсіз жау екі адамның өмірін қиды.
Мектеп қабырғасынан бастап болашақ мамандықты қалай таң-дауға болады? Жақсы журналист болудың жолдары қандай? С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “дөңгелек үстел” отырысына қатысушылар осы сауалдарға жауап іздеді. Мектеп қабырғасынан бастап болашақ мамандықты қалай таңдауға болады? Жақсы журналист болудың жолдары қандай? С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “дөңгелек үстел” отырысына қатысушылар осы сауалдарға жауап іздеді.
Астана қаласында дәстүрлі “Балаға мейірімді Қазақстан!” атты республикалық форум өтті. Шараға балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
“Домбыра мұнша шешен болдың неге? Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің, Саусағым тиіп кетсе ішегіңе”, – деп толғана жырлаған дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың өлең жолдары күйдің көнекөз қариядай терең тағылымын әспеттейді.
Біздің арамызда үлкен жүректі, ізгі тілекті азаматтар аз емес. Солардың бірі Амангелді Өзбекұлы еді. Әттең, оның ғұмыры қамшының сабындай қысқа болды. Жас кезімізден бірге жүріп, сырлас болған жан досың туралы өткен шақта айту қиын әрі ауыр. Бірақ тағдырға кім қарсы тұра алады, амал қанша дейсің еріксіз.
“Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде “Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту” композиттік қызметіне “Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау” және “Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту” қызметтері біріктірілді.
Қазақ даласында ислам дінін таратып, осы жолда өмірін сарп еткен Арыстан бап, Қожа Ахмет Яссауи, Масат ата, Укәша ата секілді әулиелер ерекше ілтипатқа ие. Олардың тұқым-жұрағаттарын халық қожа деген әлеуметтік топқа жатқызып, ақсүйек деп ардақтап келеді. Сонымен бірге дінді таратуға күш салып, бұқараны имандылыққа үндеген жергілікті халықтан шыққан Әулие ата (Сатық Бұғра Қарахан), Бахауиддин Нақышбанд, …
Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті халық арасында жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы тиімді қадамдардың бірі – тұрғындарды осы жұмысқа қатыстыру. Осы мақсатта “Қоғамдық бақылау картасы” жобасы іске қосылғанын айта кеткен жөн.
Жуырда Мароккода самбодан өткен әлем біріншілігінде жұлдызы жанып, алтын медаль тағып қайтқан жерлесіміз, Ұлттық ұлан әскери институтының аға жаттықтырушысы Мақсат Нүсіповті теміржол вокзалынан күтіп алғандардың шоғыры қалың болды. Қазақ елінің абыройын асырып, көк байрағын желбіреткен спортшыны біз де айтулы жеңісімен құттықтап, спорттағы жетістіктері жайлы әңгімелескен едік.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында “Бизнесті өркенде-тудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі”, – деген болатын. Петропавлдық Андрей Исаков бүгіндері 700ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер …
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен шетелдердегі қазақтарды атажұртқа оралту мәселесі қолға алынды. Бұл тағдырдың жазуымен шартарапқа шашылып кеткен қандастарымызға үміт сәулесіндей болғаны анық. Ата-анам Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан Қызылжар өңіріне қоныс аударған жылдары мен небәрі бір айлық шақалақ екенмін.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты халыққа Үндеуі отандастарымыздың жарқын болашаққа деген сенімін арттыра түсті. Халықтың жағдайын түзетуге бағытталған кешенді шаралар жоспары бүгінгі күні үзбей жүзеге асырылып келеді.
Мен көп жыл байланыс саласында қызмет еткен адаммын. Оқырмандардың газет-журналға жазылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, мерзімді басылымдарды оқуға деген ықыластарын оятумен де айналыстық. Біз жұмыс істеген жылдары адамдардың газетке жазылуға деген құлшыныстары айрықша болатын.
Саналы ғұмырын отандық ғылымды өрлетуге арнаған аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Манаш Қозыбаев мұрасын зерделеп, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі конференция тарихшылардың соңы жаңалықтарымен бөлісіп, зерттеулерімен таныстыруға және көтерілген тақырып аясында ой-пікірлерін ортаға салуларына мүмкіндік берді.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барып, шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесті. Шымкент қалалық және Түркістан облыстық мәслихаттарының депутаттары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары қатысқан кездесу барысында күнгей өңір тұрғындарын өңірімізге көшіру мәселесі талқыланды.
Петропавлда жақында пайдалануға берілген Оқушылар сарайы бүгін «Ашық есік» күнін өткізіп жатыр.
Кеше Петропавлда тағы бір православ шіркеуі ашылды.
2018 жылдың тоғыз айында Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны көші-қон есебінен азайған.