«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.11.2018

САЙЫСТАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Қарағанды қаласында жабық ғимараттардағы жазғы президенттік көпсайыстан республикалық кубок өтті. Бұл жарысқа еліміздің жеті облысынан 130 спортшы қатысып, пневматикалық винтовкадан ату, суда жүзу, спринт және ұзындыққа жүгіруден сайысты. Өңіріміздің намысын қорғаған жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, жүлделі оралды.

ӘМИНАНЫҢ АСУЫ

Ұлттық “Бала дауысы” балалар байқауының кезекті маусымына қатысуға биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен үш мыңнан астам өнерлі өрен ниет білдірген. Олардың арасынан үздік өнер көрсетіп, байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алған балғындардың қатарында жерлесіміз Әмина Жапар да бар.

ЖАНАШЫРҒА – ЖҮЛДЕ!

“Soltústіk Qazaqstan” облыстық газеті 2019 жылғы баспасөзге жазылу науқанының басталуына байланысты басылымды таратушылар арасында бәйге жариялайды.

ҚАСИЕТТІ БОРЫШ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары “Абылай ханның резиденциясы” мұражай-кешенінде мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа Отан қорғаудың маңыздылығы жайлы әңгімеледі.

АҚЫН МҰРАСЫ ЗЕРТТЕЛЕ БЕРЕДІ

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында халқының азаттығы жолында бар ғұмырын сарп еткен Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Алматыдағы Достық үйiнде “Ақынның рухани мұрасы” тақырыбында еске алу кешi өттi.

ҚЫЗЫНА 1,5 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары кішкентай қызы үшін төлейтін алимент бойынша қарызы 1,5 млн.теңгеге жеткен петропавлдық тұрғынды іздеп тауып алды.   

АЙШЫҚТЫ ҚОЛТАҢБА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада фотосуретші Олеся Сергееваның алғашқы көрмесі өтті. Автор көрермен назарына соңғы үш жылда салған туындыларын ұсынды.

ТЕГІН ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Елімізде денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына бағытталған 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама сапалы медициналық көмек көрсету және халықтың денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілік принциптерін ұстануға ықпал етеді.

СТАНДАРТТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде барлық өнімнің шамамен 85 пайызын реттейтін 46 техникалық регламент бар. Мұнда азық-түлік және химия өнімдеріне, темір жол көлігі, автомобиль, ойыншық және т.б. тауарларға қойылатын талаптар көрсетілген.

СӘЛІМХАННЫҢ АРМАНЫ

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасы үлгі боларлық жастарды көпшілікке насихаттайтын маңызды жобалардың біріне айналды. Биылғы байқау былтырғыдай жалпы­халықтық танымалдыққа ие болған тұлғаларды насихаттауға емес, жаңа есімдерді таныстыру мақсатын көздеп отыр.

КӨРШІЛЕР

Көзі тірі болса, әріптесіміз, есімі республика жұртшылығына жақсы танымал журналист Мәлік Мұқанов бұл күндері 75 жасқа толар еді. Еңбек жолын Есіл ауданындағы Жекекөл ауылында мұғалімдіктен бастаған оның өмірін қаламгерлікпен, журналистикамен байланыстыруы кездейсоқ емес. Облыстық “Солтүстік Қазақстан”, 1990-1996 жылдары республикалық “Халық кеңесі” газетінде қызмет атқара жүріп қаламгер ретінде қалыптасты.

ӘДЕБИ КЕШ

Петропавл қаласындағы Достық үйінде облыстық “Видергебурт” неміс мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жерлес ақын Клавдия Чепурконың шығармашылық кеші өтті.

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШҚАН ЖОБА

Мамлют ауданының тұрғындары “Бизнес Бастау” жобасының арқасында жеке кәсіптерін ашу мүмкіндігіне ие болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Нина Василенконың айтуынша, ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік дағдыларын үйретуге арналған жоба табысты жүзеге асырылуда.

ЕКІНШІ МҮМКІНДІК

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі “100 нақты қадам” атты Ұлт жоспарындағы тапсырмаларының бірі – бас бостандығынан айыру орнынан шыққандарға қоғамда өз орнын табуға көмектесу. Сонымен қатар еліміздің 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаларды орындауға жауап беретін пробация қызметін құру туралы міндет қойылған болатын.

ӘСКЕРИЛЕРГЕ – АЛҒЫС

Петропавл қаласында өткен XV Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының ойдағыдай өтуіне Ұлттық ұлан әскери институтының жеке құрамы да елеулі үлесін қосты. Халықаралық маңызға ие шара барысында 23 офицер, 15 әскери қызметші және 283 курсант қоғамдық тәртіпті күзетті. Осыған орай күшейтілген режімде қызмет атқарған әскерилерге құрмет көрсетілді.

СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЖАЙЫ – НАЗАРДА

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Берік Асылов “ЕС-164/6” түзеу мекемесінде жеке қабылдау өткізіп, жазасын өтеп жатқан әйелдерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

ЕРЛІККЕ ЕСКЕРТКІШ

Есіл ауданының Заградовка ауылында ауған соғысына қатысқан интернационалшы-жауынгерлерге ескерткіш қойылды. Ескерткішті “Прометей-Агро” ЖШС-нің директоры Юрий Шоль өз қаржысына орнатты.

РЕФОРМАТОР

Орталық Азияның көшпелі ха­лық­тары үшін “реформация” және “реформатор” деген ұғымдар бей­таныс әрі бөтендеу түсінік еді. Мұнда тіршіліктің дәстүрлі, бұл­жы­мас ырғағы мыңдаған жыл­дарға дейін өзгеріссіз келді. Бұл үрдіс жаңа дәуір туып, көш­пе­лілер өмірі біртіндеп өзгере бас­тағанға дейін жалғасты. Бұл өзге­ріс социалистік жүйе мен құн­ды­лықтарға негізделген жаңа қоғам құруды мақсат еткен Ке­ңес өкіметінің ықпалымен жасал­ғаны белгілі.

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстан мен Ресей XV өңіраралық ынтымақтастық форумының үздік еріктілерін марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қатысты.