«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.11.2018

ЖАЛАҚЫНЫ ӨСІРУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты халыққа Жолдауында айтылғандай, келесі жылдың қаңтар айынан бастап аз жалақы алып отырған бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы өсіп, табысы молаяды.

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

  Облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінің №123 (13. 10. 2018) санында “Бұл қалай?” айдарымен “Ескерусіз қалған ескерткіш” атты мақала жарық көрген болатын. Онда облыс орталығындағы №20 орта мектеп ауласында орналасқан қазақтың біртуар ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев ескерткішінің қараусыз, күтімсіз қалғаны, айналасының қоқысқа толғаны жазылған.

ЕЖЕЛГІ СЫРЛАСЫМ

Ғасырға жуық тарихы бар облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газеті осы уақыт бедерінде небір жолдардан өтті. Ата-баба тарихын, тіліміз бен дінімізді, салт-дәстүрімізді тү-гендеп келе жатқан басылыммен бала күнімнен сырласпын десем, артық айтқаным болмас. Біз жастайымыздан осы газетті оқып өстік, кейін қызмет еткен жылдарда да, тіпті, бүгінгідей жастарға дұрыс жол сілтеп, орынды уәж айтар ақсақал атанған уақытта да …

ЕЖЕЛГІ СЫРЛАСЫМ Read More »

ҒИБАДАТХАНА АШЫЛДЫ

Облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында “Севастиан-Магдалина” православиелік шіркеуі ашылды. Бұл нысан – Петропавл қаласындағы бесінші ғибадатхана.

ДАРЫНДЫ ЖАСТАР ОРДАСЫ

Облысымыздың орталығында бой көтерген Оқушылар сарайы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы сынды ауқымды шара қатысушыларын қарсы алып, өңіріміздегі маңызды нысандардың біріне айналып үлгерді. Бүгіндері жоғары технологиялық базамен жарақталған сарай жастардың зияткерлік даму орталығы, шығармашыл балалардың ордасы ретінде өзінің негізгі міндетіне кірісіп кетті. Кеше “Digital URPAQ” сарайы өңіріміздің жас тұрғындары үшін өз есігін айқара …

ДАРЫНДЫ ЖАСТАР ОРДАСЫ Read More »