ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткен дәстүрлі “Үміт – 2018” байқауында жазасын өтеп жатқан азаматтардың шығармашылық қабілеті бағаланды. Байқауға облыстағы түзеу мекемелеріндегі азаматтардың өздері жасаған 23 картинасы мен 27 қолөнер туындысы ұсынылды. Шарада алғашқы болып сөз алған облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Бөкенбай Жүсіпов байқау сотталушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының бір бағыты екенін атап …