«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.11.2018

ҚЫС ҚАҺАРЛЫ БОЛАДЫ

Биылғы қыс тұрғындарды тоңдыратын сыңайлы. Өткен жылы қар аз жауып, аязды күндерден көз ашпаған едік. Біздің мамандарымыздың жүргізген сараптамаларына сәйкес, биылғы қыс та суық болады, ал қар әдеттегі мөлшер шамасында жауады деп болжануда.

ЖҰҚА МҰЗ ҚАУІПТІ

Өңірімізде екі көлік суға батып кетті. Алғашқы төтенше жағдай 19 қараша күні орын алды. Диспетчерлік қызметке Қызылжар ауданының Новоникольск ауылының маңында Есіл өзеніне “МТЗ-80” тракторы құлағаны туралы хабар түскен. Кейін белгілі болғандай, шөп артылған трактор жардан сырғанап, өзенге құлаған. Жүргізуші дін аман. Трактор құтқарушылардың көмегімен судан шығарылды.

ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

2018 жылғы 27 қараша күні сағат 11.00-де Қ.Сәтбаев көшесі, 37 мекенжайында орналасқан қалалық Мәдениет үйінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамил Фаткулович Камаловтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді.

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ

Өңірімізге белгілі ардагер ұстаз, өлкетанушы Қайролла Мұқановтың жақында тағы бір жаңа кітабы жарық көргенін оқырмандарға сүйіншілеуді жөн деп таптық. Өңіріміздің әдебиет қорын құнды дүниелермен толықтырып жүрген ол осы жолы Алаш қайраткері Абылай Рамазанов жайлы қалам тербеген.

ТАРИХТЫҢ САҚТАУШЫСЫ

Облыстық мемлекеттік мұрағатта Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласын талқылауға арналған “Архив – мемлекет тарихының сақтаушысы” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Оған осы саланың ардагерлері мен қызметкерлері, мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының өкілдері қатысты.

ЖАДЫМЫЗДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Елбасының мақаласы “Біз кімбіз?” деген сұраққа толық жауап берген сияқты. Иә, біз – ұлан-байтақ жерді мекендеген ұлы ұлттың ұрпағымыз. Осынау кең даламызда әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби мен түркі халықтарының рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келді. Халқымыз ерте заманның өзінде атқа міну мәдениетін қалыптастырып, жылқыны тұңғыш рет қолға үйреткені де дәлелденді. Елбасы …

ЖАДЫМЫЗДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ Read More »

ӨРКЕНИЕТ ТАМЫРЫ

Әр ұлттың рухани мұрасы бар, ол әлемдік тарих пен мәдениеттің құрамдас бөлігі саналады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы арқылы ата-бабаларымыздың тарихи құндылықтары мен жетістіктерін қайта жаңғыртты. Құжатта Ұлы дала тарихы тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан ұсынылуы тиіс екені айтылды.

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында әрбір бастамасы еліміздің әлемдік аренада өзінің лайықты орнын алуына ықпал етті. Бүгінгі Қазақстан саяси жағынан берік, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қуатты мемлекетке айналды. Ата-бабамыз аңсаған “Мәңгілік Ел” боламыз деген идея ұрпақтары тарапынан лайықты жалғасын тапты. Жаһандану заманында руханияты биік, ұлттық ұстанымы нық өркениетті қоғам орнату мақсатында жарияланған “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты …

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ Read More »

ҰЛТТЫҚ МҰРАМЫЗ ТҮГЕНДЕЛМЕК

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамның санасын селт еткізетін, елдің, ұлттың, мемлекеттің тарихына тағы бір терең үңілуге түрткі болған “Ұлы даланың жеті қыры” атты жаңа мақаласы – тарихи құжат. Мақалада айтылған терең философиялық-дүниетанымдық ойлар Елбасының үнемі қоғам назарына бағыттап жүрген еңбектерінің, идеяларының заңды жалғасы іспетті.

ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – БАСТЫ КӨРСЕТКІШ

Облыстық полиция департаментінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненконың қатысуымен электронды мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ, көші-қон қызметінің сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар өтті.

ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ТАПШЫ

Облыс орталығындағы “Алтын адам” қонақүй-мейрамхана кешенінде “Ұлт тағдыры” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі саясаттанушы Дос Көшім және “Жастар жетістіктері” қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова “Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру” тақырыбында семинар өткізді. Қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен ұйымдастырылған шараға жергілікті қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

ОҢТАЙЛЫ МҮМКІНДІК

Орталық коммуникациялар қызметі облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында “7-20-25” мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы әңгіме болды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев бағдарламаның артықшылықтарына тоқталды.

ЗАМАНАУИ ҚОЙМА АШЫЛДЫ

Петропавл қаласында жыл бойы көкөніс сақтайтын қойма пайдалануға берілді. Облыс басшысы Құмар Ақсақалов “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, заманауи қойманың мүмкіндіктерімен танысты.

ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНЕН ТАБЫЛСЫН

“Қай елдің баспасөзі күшті болса, сол елдің өзі де күшті”, – деген Міржақып Дулатовтың сөзін ылайым жадымда ұстаймын. Газет – тасқа басылған тарих, өйткені, елжер өмірінен, жерлестеріміздің тағдырынан сыр шертеді. Келешек ұрпаққа бүгінгі өмірдің бет-бейнесін жеткізеді. Сондықтан да ол ұзақ жылдар бойы оқырманның айнымас серігіне, рухани досына айналып отыр.

ДИҚАН ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, сала ардагерлері, еңбек озаттары, озық шаруашылықтардың басшылары қатысты.