«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.11.2018

ОҢТҮСТІКТЕН — СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫСТАНУШЫЛАР ҮШІН БАСПАНА САЛЫНАДЫ

Елбасы күн өткен сайын күшейе түскен жаһандық демографиялық теңгерімсіздікті екінші сын-қатерге жатқызып, туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкелетінін, әлеуметтік шиеленістерге соқтыратынын атап көрсеткен болатын. “Қазақстан  – 2050” даму стратегия­сында демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетекші басымдықтар қатарына шығарылуы жағдайдың күрделі екенін айғақтаса керек.

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР САЙЫСЫ

Облыс орталығында оқушылар арасында “Made in KZ” тақырыбымен жайдарман ойыны өтті. Еліміздің орталық және солтүстік облыстарынан сегіз команда қатысқан жайдарман ойындары осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

“БОРЫШКЕР” АКЦИЯСЫ

Өңірімізде “Борышкер” жеделалдын алу іс-шарасы өтті. Шара барысында тәртіп сақшылары өндірістегі 133 іс бойынша әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтардың баспаналарына барды.

ДИҚАНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылдық кітапханасының және Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесіп, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай мерекелік концерт өткізді.

ҚОС ЖЕҢІМПАЗ

Астанадағы “Сарыарқа” кешенінде велотректен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігінде үш жүзден астам велоспортшы сынға түсті.

БАСКЕТБОЛ ДОДАСЫ

Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде баскетболдан облыс біріншілігі өтті. 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған сайыста облыс орталығы мен 13 ауданнан келген командалар күш сынасты.

“ДАРА ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ТЕҢІЗ-ЖЫРЫМ”

Тірліктің күзі мен көктемінен, ыстығы мен суығынан, қуанышы мен мұңынан өзгелерге ұқсамайтын өзгеше өрнек табу өлең сүйген жандардың ғана еншісіне бұйыратын бақ. “Көңілдің кейбір сәттерін” ақ параққа жайып салып, өлең өлкесіне жол тартып келе жатқан жандардың бірі, жерлесіміз – Күләйхан Рахмет. Ол Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өткен “Еркелет мені…” атты жыр жинағының …

“ДАРА ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ТЕҢІЗ-ЖЫРЫМ” Read More »

ЖАЗЫЛМАС ЖАН ЖАРАСЫ

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында халқымыздың басына қара бұлт үйіріп, сүттің бетіндегі қаймағы саналған аяулы азаматтарынан айырған саяси қуғын-сүргіннің жарасы уақыт өтіп, замана көші алға жылжыса да жазылмақ емес. Ұлтымызды жаппай қара жамылуға душар еткен тарихымыздың ақтаңдақ беттерін тәуелсіздіктің талбесігінде тербеліп өсіп келе жатқан жас ұрпақ таразылай білуі тиіс.

ВЕНАДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Петропавлдағы «SAVANSER» хореография мектебінің  тәрбиеленушілері Австрияда өткен  халықаралық жарыстан жүлдемен оралды.

“ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ЖАҚСЫ КӨРІП КЕТТІМ”

2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде білім беру саласындағы бірегей оқу ордасы – “Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы өз жұмысын бастағаны белгілі. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша заманауи 20 мектеп бар. 10 жылда білім ордаларын 8 мыңға жуық түлек тамамдап, 950 оқушы “Алтын белгі” иегері атанды. Назарбаев зияткерлік мектептері Кембридж университеті, Халықаралық мектептер …

“ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ЖАҚСЫ КӨРІП КЕТТІМ” Read More »

АУЫЛ ҰСТАЗЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы кезекті VII республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауын өткізіп, Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық өңірлерінің үздік педагогтерін анықтады.

ОЗЫҚ ОЙДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

Елбасы “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында: “Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы”, – деді. Ал тарих дегеніміз халықтың басынан өткерген күндері, ел өмірінің белестері, айшықты сәттері мен жадында …

ОЗЫҚ ОЙДЫҢ БОЙТҰМАРЫ Read More »

ЖАУАПТЫ МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында төл тарихымызды төрге оздыру жөнінде зор міндет жүктеп отыр.

ҚОЙНАУЫ ТҰНҒАН ТАРИХ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласы жарық көргенде онда көтерілген келелі мәселелерді оқып, төбеміз көкке жеткендей қуанған едік. Рухани жаңғыруымыздың жаңа бағыттарын айқындаған құжаттың жалғасы ретінде жуырда Мемлекет басшысы “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласын жариялады. Президентіміз ХХІ ғасырдағы ғылымға, өркениеттер жылнамасына, отандық тарихқа қатысты жаңа танымның, құндылықтардың көкжиегін ашып беріп …

ҚОЙНАУЫ ТҰНҒАН ТАРИХ Read More »

СӨЗ ҚАДІРІН ТҮСІНГЕН ЖАСТАР

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогына арналған “Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы” атты ІІІ республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысты.

СЕНІМДІ ӨКІЛ

Елбасы “Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы” Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруды жүктеген болатын. Осыған орай елімізде жаңа әдеп ережелері қабылданып, әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы енгізілді. Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бұл маңызды міндет мүлiктi иелену бөлімінің меңгерушісіне жүктелген.

ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ ЕСЕП БЕРДІ

Жуырда облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Берік Біләлов тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Алқалы жиынға қатысуға келгендер алдымен жедел басқару орталығында, облыстық полиция департаментінің мұражайында болды. Сондай-ақ, олар ішкі істер органдарының қызметкерлері қолданатын қондырғылармен, қару-жарақ, техника түрлерімен танысты.