ҚАЗАҚСТАН — OРТАҚ МҰРАНЫҢ СЕНІМДІ МЕКЕНІ

Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттің болашақ даму жо­лын белгілейтін “Жол кар­тасы” іспетті бірнеше бағдарлама біз­­дің назарымызды аудар­ды. “100 нақты қадам”, “Қазақ­стан – 2050” Стратегиясы және “Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағ­дарламаларында мемлекет­тің болашақ даму стратегиясы ай­қындалып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елін әлемдегі экономикалық тұрғыдан дамыған елдер қатарына қосу жолында үлкен жобаларды жүзеге асыру мақсатын көрсетеді.