«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.12.2018

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

  Әрбір елдің, халықтың қайта түлеуіне, жаңғыру кезеңіне себепкер тарихи ұлы тұлғалар болғанын білемін. Олардың бірі тарихтан өшіп кетудің алдында тұрған халқын қайта түлетсе, екіншісі отаршылар езгісінде тапталған қалың бұқараның еңсесін көтерді.

ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Кеңестік кезеңде бәріміз білім алған мектептерде қазақтың тарихын пышақтың қырындай ғана “Қазақстан тарихы” оқулығындағы деректерден оқып, сонда баяндалған оқиғаларды ғана сипаттауға басымдық беріліп еді. Тіпті, кейде осынау кең-байтақ даламыздағы тіршілік белгісі Қазақ хандығы құрылған кезден ғана басталғандай қабылданатын. Ол аздай, қазақ көзін ашқалы басқыншылық пен зорлық-зомбылықтан бас көтермеген, жаулап алмақ болғандармен соғысып өткен, одан қала …

ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ Read More »

ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ

Халқымыздың аяулы жазушысы Мұхтар Әуе­зов ұлтының ұлылығына, халқының қа­дір-қасиетіне сүйсінген бір тұста: “… Шал­қайса – тарих шыңы бар, еңкейсе – иен елі бар”, – деген екен. Иә, бізді төрткіл дүниеге танытып отырған сол тарихымыз бен тәуелсіздігіміз. Елбасымыз оны өзінің “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында дәйектей түсті. “Аң стилі”, “Алтын адам”, “Атқа міну мәдениеті” – …

ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ Read More »

САНАДАҒЫ СЕРПІЛІС

Қазақ елі егемендігінің көк байрағын өз қолымен тұң­ғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақ­стан мемлекетін құрған Ел­ба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасырдан астам уақыт ішінде туған елін әлемдік қоғам­дас­тыққа танытқандығы Ай туғандай ақиқат. Президентіміздің осы жылдар бедерінде ел дамуының басты бағытын айқындап берген бірнеше мақаласы жарық көрді. “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы – рухани байлығымыз бен ұлттық құндылықтарымыздың дамуына …

САНАДАҒЫ СЕРПІЛІС Read More »

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ

Қазақстан 1930-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезінде кеңестік мемлекеттің тоталитарлық жүйесінен зардап шеккен халықтардың екінші үйіне айналды. Жер аударылғандар арасында Қазақстанға бірінші болып қоныс тепкен поляктар болды. Құжаттарға талдау жасай отырып, зерттеушілер кеңестік кезеңдегі поляктардың жер аударуын бірнеше кезеңдерге, яғни, 1936-1937 және 1939-1940 жылдарға бөліп қарастырады. Украинадан қоныс аударған поляктар, немістер саны бойынша жүргізілген құжаттардың бірінде …

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ Read More »

ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН БАСТАМАЛАР

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, дамудың даңғыл жолына түсуі Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. “Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бір-ауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және …

ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН БАСТАМАЛАР Read More »

БОКСШЫҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Бокстан облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Камиль Сафинге ескерткіш ашылды.

ӨТКЕННЕН СЫР ШЕРТКЕН ТУЫНДЫЛАР

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында тарихи сананы қайта жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жол­дарын көрсетті. Мақалада сөз болған ұлт тарихы, мәдениеті мен құндылықтарын ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Ұлы даланың жеті қыры” атты кітап көрмесі ашылды.

ҚҰНДЫ МҰРА

Тұңғыш Президент күні қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Дала өркениетінің құдіреті” атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласын талқылауға арналған шарада зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салды.

ЖАСТАР ФОРУМЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі жылды “Жастар жылы” деп жариялауы өскелең ұрпаққа көрсетілетін қолдау мен қамқорлықты арттырып қана қоймай, оларға жүктелетін жауапкершілікті де еселей түседі. Яғни, жастар алдағы жылға нақты жоспарлар құрып, мақсат-міндеттерін айқындап, оны орындау бағытында қарқынды жұмыс істеулері керек. Облыс орталығында “Қазақстан мен Ресей жастарының бастамалары – 2018” атауымен өткен жастар форумында осы мәселелер …

ЖАСТАР ФОРУМЫ Read More »

РОБОТ ЖАСАУШЫЛАР ЖАРЫСЫ

Петропавлда “ҚазPоботикс – 2018” халықаралық фестивалінің “KazRoboSport – 2018” спорттық робототехника чемпионатының ақтық кезеңі өтуде. Оған Қазақстанның барлық өңірі мен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің 300-ге жуық өкілі қатысуда. Оқушылар сарайында өтіп жатқан робофестивальдің ашылу салтанатында өңір басшысы Құмар Ақсақалов жастарға сәттілік тіледі.

БАСПАНАЛЫ БОЛУ — ҮЛКЕН ҚУАНЫШ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Петропавл қаласындағы “Береке” шағынауданында және Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында 96 және 30 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді.