Ресей азаматтарының басым бөлігі Қазақстан мен Беларусьті ТМД аумағындағы ең тұрақты әрі қарқынды дамып жатқан елдер деп санайды.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 8 жылдан бері жүргізіп келе жатқан әлеуметттік сауалнаманың биылғы қорытындысы осындай. Сауалнама Ресейде қараша айында телефон арқылы жүргізіліп, оған 1600 адам қатысқан.