Қызылжар өңірінде шалғайдағы полиция бөлімдері де тұрғындарға қызмет көрсетудің қазіргі заманғы түріне көшуде.
Кішкенекөл мен Талшық ауылдарында полиция бөлімдерінің фронт-офистері ашылды. Енді Ақжар және Уәлиханов аудандарының орталықтарында әдеттегі қатаң өткізу жүйесі, темір есіктердің орнына жайлы фронт-офис болады. Мұнда ыңғайлы күту аймағы, ақпараттық стендтер, теледидар және Wi-Fi қарастырылған. Екі қызметкер алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік тәжірибе, құжат айналымы мәселелері бойынша көмек көрсетіп, кеңес береді.