Жаңа жылдан бастап Қызылжар өңірінде коммуналдық қызметтердiң тарифтерi төмендетіледі.
Қарашаның 1-нен бастап жылу мен жарықтың бағасы біршама арзандатылған болатын, алдағы жылдың 1-шi сәуiрiнен электр энергиясының тарифi тағы 4,5% төмендейді. «Қызылжар Су» өз тарифiн 9% арзандатады, қоқыс шығару және лифт пайдалану бағасы да 5% түспек.
Сондай-ақ, облыста дәрi-дәрмектiң, қосымша білім беру мекемелерінің қызмет ақысы да қатаң бақылауға алынбақшы.