Өңірімізде “Stop-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларды анықтау мақсатында өткен шара үш күнге созылды.
Шара аясында облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен Петропавл қаласындағы “Рахмет” сауда үйінде “Адам саудасына жол жоқ!” атты флешмоб өткізді. Акция барысында полицейлер облыстағы көңіл көтеру орындары мен қонақүй кешендерін аралап, қылмыстық құқық бұзушылықтың алты фактісін анықтады.
Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.