«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛДЕН ҚУЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда “Гастарбайтер” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Тексеріс барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 160 фактісі анықталды.

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция майоры Талғат Әбілевтің айтуынша, ел аумағына заңсыз енгендерді іздеу шарасы үш күнге созылды.

– Заң бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасына келу, кету тәртібін бұзғандарға тиесілі. Шара аясында заң бұзған 9 шетелдік елдеріне қайтарылса, 70 адамның елімізде уақытша жүру мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда тәртіп бұзған екі шетелдік және сауда үйлерінің маңында бірнеше рет қайыршылықпен айналысқан 30 жастағы Өзбекстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Талғат Әбілев.

Іс-шараның қорытындысында қылмыс жасаудың 2 фактісі сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне енгізілді. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзған 11 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 191 адам есепке алынды. Ал қамауға алынған екі адам туралы мәліметтер анықталуда.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp