«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АҚЫНҒА ТАЙ МІНГІЗДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұңғыш Президент күніне орай Көкшетау қаласында “Бала ақын – жас дарын” атты аймақтық оқушылар айтысы өтті. Жыр додасына Ерік Асқаров атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық ақындар орталығының шәкірті Диас Аяған қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Бұған дейін бірнеше аламанға түсіп, ысылып қалған Диас бұл жолғы сөз сайысында да шашасына шаң жұқтырмады. Қазылар жоғары бағасын беріп, жүлделі орынға лайық деп тапты. Ал ақындарды марапаттау рәсімінде көкшетаулық кәсіпкер әрі руханият жанашырларының бірі Ертай Төлегенұлы жас дарынға тай мінгізіп, абыройымызды асырды.

Ақындар орталығының тағы бір табысы жайлы айтпай кетуге болмас. Жас ақын Абылайxан Әшімханұлы Алматы қаласында өткен студент жастардың VІ патриоттық форумы аясындағы “Мен жастарға сенемін” атты поэзия байқауында “Жасын жыр” аталымын жеңіп алды.

Жарқын ЖҰПАРХАН, ақындар орталығының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp