«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАМАН ТАПШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығының Мәдениет үйінде кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтіп, тұрғындарға мемлекеттік қызмет, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік салада 600-ден астам жұмыс орны ұсынылды.

Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек нарығын талдау және бақылау секторының бас маманы Гүлайым Әлиева мұндай жәрмеңке биыл 11-ші рет өткізіліп отырғанын айтты. Жыл басынан бері 685 жұмыс іздеушіге жолдама беріліп, көмек көрсетілген. Ал бес жүзге жуық жұмыссыз азамат нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес кәсіптік оқыту курстарына жіберілген болатын. Олардың дені оқуын аяқтап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан екен.

Соңғы өткен жәрмеңкеге 270-тен астам тұрғын келіп, өздеріне жұмыс қарастырды. Бүгінде мемлекеттік қызметте бос орын көп. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мәліметінше, әсіресе, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарға мамандар қажет. Жәрмеңке нәтижесі бойынша 82 жұмыссыз азаматқа түрлі кәсіпорындарға жолдама беріліп, 147 адам қажетті кеңес алды.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp