«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРЛЫ БОЯУ СИҚЫРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Сенің-менің хикаяларым…” атауымен көрме өтіп, петропавлдықтардың назарына суретші Әлия Мұқышеваның түрлі жанрда салған жиырмадан астам туындысы ұсынылды.

Әлия Мұқышева – жиырмаға жуық кескіндеме, 200-ге жуық түрлі техникада салынған портреттер мен елуден астам иллюстрацияның авторы. Бейнелеу өнері және сызу мамандығын таңдаған нәзік жан – сүйікті жар, қадірлі ана. Суретшінің айтуынша, отбасы оны ынталандырып, қолдау көрсетеді. Натюрморт, пейзаж, портреттерінде ол академизм бағытын ұстанады екен. Ал орындау техникасы жағынан суретшінің туындылары көбінесе иллюстрацияға ұқсайды.

Автор көпшілікке қайырымдылық шараларға белсенді қатысушы ретінде де танымал. Былтыр кәсіпқой боксшылар Жанат Жақиянов пен Геннадий Головкиннің портреттерін аукционға шығарып, түскен қаражатты балаларды емдеуге жұмсаған болатын.

Әлия Мұқышева осы жолғы көрмесінде өзінің отбасының, туған қаласының, достары мен туған-туысқандарының басынан өткен хикаяларды бейнелеген. Көрмеден кейін барлық туындыларын сатып, қаражатты “Милосердие” қайырымдылық қорына табыстамақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp