«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.12.2018

ÁDEBI KESH

Sábıt Muqanov atyndaǵy oblystyq ǵylymı-ámbebap kіtaphanada esіmі óńіr jurtshylyǵyna belgіlі aqyn, jazýshy Aleksandr Kýrlenıanyń oqyrmandarmen kezdesý keshі óttі. Ádebı sharaǵa jınalǵandar qalamgerdіń shyǵarmalarymen, sońǵy jyldary jazǵan óleńderіmen tanysty.

ОҚЫРМАНҒА ТАРТУ

Еліміздің рухани өмірінде өзінің лайықты орнын алған “Мағжан” әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналы оқырман қауымның іздеп жүріп оқитын басылымына айналғаны қуантады. Журналдың әрбір жаңа нөміріне айрықша ықыласпен көңіл аударып, оқып шыққанша тағат таппайтынымыз рас. Ендеше, мазмұнымен, әсем безендірілуімен көңілден шыққан журналдың кезекті санының жарық көргенін оқырмандарға құлаққағыс еткеніміз артық болмас.

КӘУСАР ОЙДЫҢ ИЕСІ

“Қаламаймын өлімді, Өмір сүргім келеді. Өлеңнің тауып өзегін, Көгін түргім келеді!”, – депті жерлесіміз, жазушы, журналист Ермек Қонарбаев өмірінің соңғы жылдарында жазған өлеңдерінің бірінде. Ол мынау фәнимен тұп-тура 46 жасында қош айтысты.

СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары медицина мектебінің бірінші курс студенттерін қатарға қабылдау рәсімі өтті. Жиынға Үндістанның еліміздегі елшілігінің екінші хатшысы Канагасабай Рамалингам қатысты.

БІРЛЕСКЕН ІС БЕРЕКЕЛІ

Оқушылар сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің республикалық форумы өтті. Онда кеңес мүшелерінің мемлекеттік міндеттерді және халықтың өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуы, әсіресе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бес әлеуметтік бастаманың іске асырылуын қоғамдық бақылауға алу барысы қаралды.

БАСТЫ МАҚСАТ – СЕНІМНЕН ШЫҒУ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов жыл сайынғы дәстүр бойынша облыстық, Петропавл қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының алдында есеп берді.