«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.12.2018

“ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” АКЦИЯСЫ

Петропавл қаласы мен аудан орталықтарының 500-ден астам тұрғыны “Халық заңгері” жалпыреспубликалық акциясына қатысып, білікті заңгерлерден тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

ZÁÝLІM ǴIMARATTARDYŃ KІSHKENTAI ÚLGІLERІ

Keńes aýylynyń oqýshylary túrlі materıaldardan Qazaqstan qalalaryndaǵy ásem ǵımarattarynyń kіshkentaı kóshіrmesіn jasap, mektepіshіlіk saıysqa shyǵardy. Qolónershіlerdіń ózderі tańdaǵan nysandary týraly áserlі áńgіme aıta otyryp tanystyrýy da maketter baıqaýynyń shartyna endі.

АСТАНАЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Петропавлда Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, жерлесіміз Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті. 1996 жылдан бері жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа алғашқы жылдары төрт команда ғана қатысса, қазір облыс аудандарынан және Астана қаласынан оннан астам ұжым жиналуда.

ҚЫЗЫЛЖАРДЫ ӘН-ДУМАНҒА БӨЛЕДІ

Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында Қызылжарға білім қуып келген бозбала бүгінде осы өңірдің айтулы азаматына айналды. Ол ширек ғасырға жуық өнердің бел ортасында жүр. Бірақ бәз біреулердей атақ-абыройды малданып, кеудесін көтеріп, көкірегін ұрған күнін көрмеппіз. Сонысымен де ол халыққа жақты.

ӘМИНАНЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Жерлесіміз Әмина Жапар “Бала дауысы” ұлттық байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Өнерлі өрен Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында өтетін “Звездный час” халықаралық байқауында ел намысын қорғайды.

СӨЗГЕ БЕРІК, ІСКЕ МЫҒЫМ

Ауыл шаруашылығы саласында толағай табыстарға қол жеткізгеніңмен, халықтың алғысына ие болу оңай емес. Ол үшін ауылға қамқорлық жасау маңызды. Көпжылғы қажырлы еңбегімен сала үздіктерінің қатарынан табыла білген “Бабық-Бұрлық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сейілбек Махметовты туған жер жанашырларының қатарына жатқызуға болады.

ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандары есімдерінің ақталып, өскелең ұрпақ жадында жаңғыруына үлесін қосып жүрген “Память” қоғамдық қорының 15 жылғы жұмысы қорытындыланды.

БИ АРБАСЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

“Нұр Отан” партиясы Петропавл қаласындағы “Арман” балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне спорттық би сабақтарына арналған арба тарту етті.

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

Қызылжар жұртшылығына көзі тірісінде небір өткір де өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттың жоқшысына айналған қаламгер, ақын, журналист Мәлік Мұқановтың есімі ерекше жылы естіледі. Өйткені, ол – үнемі шындықтың жағында болып, тағдырын, бүкіл өмірін, қаламгерлік қабілетін туған елінің мақсат-мұратымен байланыстыра білген ұлт руханиятының тамырына байланған тұлға.

ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ АЗАМАТ

  Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты. Көзі тірісінде өңіріміздің дамуына зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері марқұм Мәркен Ахметбековтің зайыбы Күләш Ахметбекова, ұлдары Бауыржан және Серік Ахметбековтер, туған-туысқандары мұражай қорына оның жеке заттарын, құжаттарын, ордендері мен медальдарын тапсырды.

ЕСКЕРТУДІ ЕЛЕМЕГЕН ӨКІНЕР

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы өткізген кезекті баспасөз мәслихаты барысында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өкілдері мереке күндері өңір аумағында орын алуы мүмкін төтенше оқиғалардың алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

ПӘРМЕНДІ ЖҰМЫСТАР, ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсене кірісіп, “бармақ басты, көз қыстылыққа” қарсы барлық мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетті. Жемқорлықты жою мақ­са­тында заңнамалық актілер де қабылдан­ды. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты ашық мемлекет, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, бизнестің дамуына жағдай жасау болып …

ПӘРМЕНДІ ЖҰМЫСТАР, ОҢ НӘТИЖЕЛЕР Read More »

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында айқындалған негізгі міндеттерді түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтті.

ЕҢБЕК ЕРІНЕ – ЕСКЕРТКІШ

Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласында “Туған жер” бағдарламасы аясында жаңа нысандар пайдалануға берілді.

ЖАЛАҚЫНЫ ӨСІРУ — ЖҰМЫСШЫҒА ДЕМЕУ

Облыстық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты, “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамы бас директорының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Серік Ахметбековтің есімі халық қалаулысы, іскер басшы ретінде көпшілікке таныс десек, қателесе қоймаспыз. Біз оны өзіндік өмірлік қағидасы бар, лауазымды қызметтерде тәжірибе жинақтаған, алқалы жиындарда талқыланатын мәселелерге байланысты тұшымды пікір білдіріп, оның ұтымды шешім табуына үлес қосатын …

ЖАЛАҚЫНЫ ӨСІРУ — ЖҰМЫСШЫҒА ДЕМЕУ Read More »

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауынан туындайтын міндеттер аясында кәсіпорындарда жұмысшылардың жалақысын көтеру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұтынушылық бағаларын ырықтандыру мен коммуналдық төлемдердің құнын төмендету әңгіме арқауына айналды. Әкімдіктің отырысына облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттердің басшылары, тікелей …

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР Read More »

ТАҒЫ ДА ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Тайынша аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Иван Иванович Турков Тайынша ауданының әкімі болып тағайындалды.

ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Жомарт жүрек” республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, Астанада марапаттау рәсімі өтті.