ШЫРША – ОРМАН СӘНІ
Қызылжар орман шаруашылығының қызметкерлері үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан бастап қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Қызылжар орман шаруашылығының қызметкерлері үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан бастап қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Táýelsіzdіktіń 27 jyldyǵyna oraı Petropavldaǵy Ulttyq ulan áskerı ınstıtýtynda saltanatty shara óttі. Sahnaǵa Jaýyngerlіk Tý shyǵarylyp, Gımn oryndalǵan soń ınstıtýt bastyǵynyń bіrіnshі orynbasary Ilıas Saǵyndyqov Ulttyq ulan Bas qolbasshysynyń jedelhaty oqydy.
Мағжан жыры – таусылмайтын жыр. Ақынның ақыны атанған Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай бабамыздың рухын асқақтатып, өшпес мұрасын насихаттау шаралары әлі жалғасуда. Соның бір парасына Анадолы елінде куә болдық. Түркия мемлекетінің Ыстамбұл шаһарындағы Мимар Синан көркемөнер университетінде “Қазақ-түрік достығын жырлаған алаш қайраткері Мағжан Жұмабай және шығармашылығы” тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Ғылыми жиынның ұйымдастырылуына …
Үшінші тоқсаннан бастап өңір мектептерінде “Өлкетану” пәні оқытыла бастайды. Сабақ барысында оқушыларға қасиетті Қызылжар өңірінің киелі жерлері, даңқты тұлғалары, көркем табиғаты жайында мол мағлұмат берілмек. Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында аталмыш пәнді оқытуға арналған “Өлкетану” оқулығының таныстырылымы өтіп, кітап авторларымен кездесу ұйымдастырылды.
Тәртіп сақшылары өткізген үш айлық жедел-алдын алу шарасы барысында қару сақтау ережелерін бұзудың жүзден астам фактісі тіркелді. Полицейлер есепте тұрған тұлғалар мен қару иелерін тексеріп, 200 мыңнан астам пәтер мен үйді аралап шықты. Бүгінгі күні облысымызда ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтар саны алты мыңнан асады. Олардың 459-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босағандар. Барлығы …
Биыл облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары діни қызмет пен діни бірлестіктер саласындағы 16 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 11 адам жалпы сомасы 1 миллион 33 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Жасы сексеннен асса да, әлі күнге дейін бойын тік ұстайтын, көркем келбетті Сұраған Көпеевпен көрші болу мен үшін тағдырдың сыйы іспеттес. Ұзақ жылдар бойы полицияда қызмет еткен ардагер әлі де аттан түспей, өкшелеп келе жатқан жастарға үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Сұраған Мырзахметұлы тәртіп сақшысы боламын деп ойламаған. Үйдегі бес ағайындының арасында күш құрылымдарында қызмет атқарған да …
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру барысын бақылаудың жаңа түрі пайда болмақ. Жыл соңында іске қосылатын бұл жоба кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жетілдіруді көздейді.
“Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі кәсіпкерлік субъектілері арасында “Мемлекеттік қолдау шаралары” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай облыстық тексеру комиссиясы салтанатты жиын өткізді. Оған облыстық, қалалық мәслихаттар депутаттары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.
Елімізде еңбек адамының құқығын қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолғабыс ететін басты ұйым – кәсіподақ. Жұмысшылардың еңбегін лайықты бағалау да – осы ұйымның негізгі міндеттерінің бірі. Петропавл қаласында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтіп, оған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев қатысты.
Тәуелсіздіктің баға жетпес тартуларының бірі – Астана. Оның әлем таныған әсем шаһарға, халқымызды ынтымаққа, ортақ мүддеге жұмылдыра білген халықаралық деңгейдегі саяси-экономикалық, рухани-мәдени орталыққа айналуына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан. Мереке күндері солтүстікқазақстандықтар “City Mall” сауда ойын-сауық орталығындағы “Cinema Park” кинотеатрында Мемлекет басшысының осы қайраткерлік қырынан сыр шертетін “Көшбасшы жолы. Астана” фильмін тамашалады.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел дамуы жолында түрлі салада жемісті қызмет етіп келе жатқан азаматтардың кеуделеріне орден-медаль тағылып, атқарған толайым еңбектеріне жылы лебіз бен алғыс айтылды. Олардың қатарында жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның құрметті журналисі Кәрібай Мұсырман да бар. Халық қалаулысына Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин “Құрмет” орденін салтанатты жағдайда табыс етті.
Біздің облыстың полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының көршілес Омбы, Түмен және Қорған облыстарының құқық қорғау органдарымен тығыз қарым- қатынас орнатқан. Тәуелсіздік жылдары бұл әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Екі елдің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауда, лаңкестікке қарсы күресте, заңсыз есірткі саудасын алдын алуда және басқа да бағыттарда бірлесіп іс-қимыл жасау арқылы ортақ нәтижеге қол жеткізуде.
Баһадүр бабаларымыз бен арда арыстарымызға арман болған егемендік – бүгінгі ұрпақтың маңдайына біткен бақ. Ұлық мереке – Тәуелсіздік күніне орай Петропавл қаласындағы теннис орталығында салтанатты жиналыс өтті.