АЯЗ БАСТАЛДЫ
Үстіміздегі аптада Қызылжар өңірінде күн қатты суытады.
Үстіміздегі аптада Қызылжар өңірінде күн қатты суытады.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Буденный ауылында пештен шыққан газдан уланып, төрт адам қайтыс болған, біреуі ауруханаға жеткізілген.
Бүгіндері солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қылқан жапырақты ормандардың күзетін күшейтуде.
Жыл сайын Қазақстанда жылжымайтын мүлікке құқық беретін 1,7 миллионнан астам құжат тіркеледі.
Жастар сарайында жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпановтың ән кеші өтті. Облыстық филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өткен концерт КСРО-ның халық әртістері Муслим Магомаев пен Иосиф Кобзонның шығармашылығына арналды.
Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń “Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý” baǵdarlamalyq maqalasynda aıtylǵan mіndetterdі júzege asyrý aıasynda árі Táýelsіzdіk kúnіne oraı Ýálıhanov aýdanyndaǵy Ozernyı orta mektebіnde ólketaný murajaıy ashyldy.
Петропавлда кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған “Қызылжар” республикалық сайысы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 55 кикбоксшы қатысып, 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Петропавлда допты хоккейден КСРО-ның спорт шебері, даңқты жерлесіміз Қазбек Байболовты еске алуға арналған ел кубогы өтті. Дәстүрлі сайысқа жерлестерімізбен қатар Астана, Ақтөбе қалаларының, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты.
Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында “Атамекен-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында құрылды. Жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта стационарлық телефон байланысы орнатылып, су таратқышы бар “МТЗ-80” тракторы бөлінді.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында “Дарқан даланың саңлақ перзенттері” атты шара өтті. Ұлт руханиятын дәріптеп, шығармашылықты насихаттау мақсатында 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындыларын көпшілікке оқытуды көздейді. Биыл үш бірдей қаламгердің – Шәкәрім Құдайбердіұлының “Үш анық”, Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” және …
Әр адамның өмірлік ұстанымы, көзқарасы болады. Тіпті, әркім өзі берік ұстанатын салт-дәстүрі де болатындығын айта кеткен жөн. Оларды сақтауға тырысамыз. Бір қызығы, адам өзінің үйреншікті болып қалған салт-дәстүрлерін жаңарту, жаңғырту, өзгерту туралы әдетте Жаңа жыл қарсаңында ойланады екен.
Қазақстан Республикасының “Медиация туралы” Заңында медиация тараптар арасында кикілжіңдерді соттан тыс шешуге бағытталған заңды татуласу тәртібі деп көрсетілген. Бұл заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиаторлардың мәртебесін айқындайды.
“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның облыстық филиалында еліміздің зейнетақы жүйесінің 20 жылдығына арналған “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Оған облыстық кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының өкілдері мен салымшылар қатысты.
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс және қала әкімдері, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің жетекшілері және депутаттар азаматтарды қабылдады. Кездесуге келген 135 адамның 27-сі өңір басшысы, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың қабылдауында болды.
Алаштың небір ардақты перзенттерінің іздері сайрап жатқан қасиетті қарашаңырақ – облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газеті өзінің ғасырлық мерейтойы қарсаңында оқырмандар назарына әр салаға арналған жаңа айдарлар мен танымдық беттер, тың жобалар ұсынғалы отыр. Солардың алғашқысы – “Bіzde qonaqta” айдары газетіміздің бүгінгі нөмірінен бастап оқырман жүрегіне жол тартпақ. Оның аясында ұжым мүшелері есімдері елімізге, тіпті, одан да …
Бүгінгі күнге дейін “Soltústіk Qazaqstan” газетінің “Жанашыр сөзі” айдарымен елге, жерге жанашыр, ертеңгі ұрпақтың тағдырына алаңдайтын ардақты азаматтардың мақалалары үзбей жарияланып келеді. Мерзімді баспасөзге жазылу науқанының жүріп жатқанын бәріміз де жақсы білеміз. Ғасырға жуық жолдан өткен, алаштың арыстары еңбек еткен, ежелден ұлт мүддесін жақтаған басылымның оқырмандарға айтары таусылып, әлеуеті сарқылды деп ойламаймын.
Оқушылар сарайында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалық етуімен “Халықтың әл-ауқаты – табысты мемлекеттің кепілі” тақырыбына арналған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті.