Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Буденный ауылында пештен шыққан газдан уланып, төрт адам қайтыс болған, біреуі ауруханаға жеткізілген.
Қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшелері: үй иесі әйел, оның қызы, ұлы мен келіні. Осыдан бірер күн бұрын ұзақ аурудан кейін отағасы қайтыс болып, ұл-қызы әкесін жерлеуге келген екен. Қайғылы оқиға көмір жаққан пештің бұзылуы салдарынан болған.