«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы мониториг тобының мүшесі, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек облысымызда жұмыс бабындағы іссапармен болып, жер қатынастары мәселесіне арналған семинар өткізді.

Астаналық мейман қазақстандықтардың жеке тұрғын үй салуы үшін жер телімін алу құқығы мен басқа да мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. “Ашық микрофон” режімінде барлық жер мәселелері бойынша заң кеңесі ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар өз сұрақтарына нақты жауап алды. Петропавл қаласынан бір кәсіпкер облыс орталығының бас жоспары, “қызыл сызық” мәселесі, ал Шал ақын ауданының тұрғыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген жер телімі үшін алатын пайы туралы сұрақ қойды.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp