«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІШКЕНТАЙ КҮЙШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы “Мерей” өнер мектебінің тәрбиеленушісі Ақбота Қазыбекова халықаралық “Таңғы шұғыла” фестиваліне қатысып, гран-при ұтып алды. Байқауда ол Жасарал Еңсеповтің “Балбұлақ” күйін орындаған.

– Астана, Көкшетау, Қарағанды, Петропавл қалаларында өткен облыстық және республикалық іріктеу кезеңдерінен өттім. Түрлі тақырыптағы күйлерді орындаған кезде туған өлкемді, ата-анам мен жақындарымды көз алдыма елестетемін. Сол кезде күйді жақсы шертіп шығамын. Өнер мектебінде тәрбие алған төрт жылдың ішінде көптеген күйді үйрендім, – дейді Ақботаның өзі.

Өнер мектебінің домбыра үйірмесіне қатысатын өрендер бір жылдың ішінде шамамен 15 түрлі күй үйреніп шығады екен. Қазіргі таңда домбыра сыныбындағы 40 балаға үш ұстаз тәлім береді. Балғындар түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, өнерлерін шыңдауға мүмкіндік алуда.

Жалпы биылғы жыл “Мерей” өнер мектебі үшін жемісті болды. Отызға жуық тәрбиеленуші өнердің түрлі бағыты бойынша облыстық және республикалық байқаулардан жүлделермен оралған. Соның төртеуі – бас жүлде.

Берік ҚАСЕН.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp