Өткен аптада тілсіз жаудың салдарынан облыс аумағында бірнеше қайғылы оқиға орын алды.
Желтоқсанның 21-і күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Буденный ауылында қатты отынмен жағылатын пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан жаназаға келген төрт адамға иіс тиіп, қайтыс болды. Бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді.
23 желтоқсанда Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылында тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнынан 1964 жылы дүниеге келген ер адамның мәйіті табылды. Құтқарушылар өрттің үй иесінің мас күйде шылым шегуінің салдарынан орын алғанын анықтады.
Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі.