«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕКАРАНЫ ЗАҢСЫЗ КЕСКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы арқылы Ресей Федерациясының аумағына заңсыз өтпек болған мигрант ұсталды. “Казанское” өткізу бекеті арқылы Түмен облысына бармақ болған отыз жастағы орта-азиялық азамат шекара қызметкерлерінің күмәнін туғызды. Тексеріс барысында ер-азаматқа осыған дейін Ресей Федерациясының аумағын заңсыз кесіп өткені үшін федералдық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Биылғы күзде ол Ресейге кіруге тыйым салынғанына қарамастан, Қазақстан арқылы Омбы облысының аумағына заңсыз өткен.

Шетелде жасырынып, өз Отанына барған азамат төлқұжатын ауыстырып, Ресей аумағына бұл жолы Түмен облысы арқылы өтпек болған. Бұл қылмысы үшін ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp