Есімі әлем жұртшылығына белгілі украин боксшысы Владимир Кличконың кіндік қаны 1976 жылы қазақ жерінде тамды. Нақтырақ айтсақ, ол Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында дүниеге келіп, балалық шағын осы шаһарда өткізді.
Кәсіпқойлар арасында аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы бұл деңгейге оңайлықпен көтеріле қойған жоқ. Талай бәсекелерде бағын сынап, өзінің мықты екенін таныта білді. Осы уақытқа дейін жетпіске жуық кездесу өткізіп, оның алпысында (елу төртін нокаунтпен) жеңіске жетті, үш рет қана жеңілді.
Қырық екі жастағы боксшы кезінде WBA (Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) нұсқасы бойынша “супер чемпион”, сондай-ақ, WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) және IBF (Халықаралық бокс федерациясы) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған. Бүгінде былғары қолғабын шегеге ілген. Ол туралы әлемнің мықты бапкерлері: “Бойындағы бар қабілеті мен күшін түгел әрі дұрыс пайдалана алатын нағыз туабітті боксшы, оның қолы да ұзын, бойы да ұзын, ақылы да, жылдамдығы да артық”, – деп баға берген.
Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústіk Qazaqstan”.