Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығында қысқы президенттік көпсайыстан ел кубогы өтті. Дәстүрлі додаға Астана қаласынан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 120 спортшы қатысты.
Жарыс бағдарламасына сәйкес 14-60 жас аралығындағы спортшылар төрт спорт түрінен кіл мықтыны анықтады. Бірнеше күнге созылған сайыс қорытындысы бойынша 24 жерлесіміз әртүрлі дәрежедегі медальдарға ие болса, Василий Подмогильный мен Виктория Козлова алтыннан алқа тағынды.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.