«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ӨТЕУІ – АБЫРОЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл шаруашылығы саласында 30 жылдық еңбек өтілі бар Бақытжан Әубәкіровті нағыз еңбек адамы десек, артық айтқандығымыз емес. Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылындағы “Рустикус” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы өз ұжымының мақтанышына айналған. Таңмен таласа тұрып, түн жарымда үйіне жететін тәжірибелі маман биылғы орақ науқанында қамбаға бір мың тоннадан астам дәнді және майлы дақыл құйған.

Тәжірибелі маман трактор мен комбайнды 1986 жылы Петропавл қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында оқып жүргенде тізгіндепті. Бақытжан Исламұлы тракторы мен “Енисей – 950” комбайнын сайлап, “темір тұлпарларын” үнемі бабында ұстайды. Жыл он екі ай тізе бүкпейтін механизатордың еңбекқорлығына үнемі куә болып жүрген жас әріптестері оған қарап бой түзейді.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp