«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕПТЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы №40 мектепте инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды орта мектепке берген кезде оқуына ыңғайлы жағдайларды жасайтын орталық облыстық білім басқармасы мен “Дара” қорының “Кедергісіз мектеп” жобасының негізінде ашылып отыр.

Ол ата-аналарға кеңес беретін, мамандардың топтық жұмысы мен сабақтарын өткізетін және бала демалатын бөлімдерден тұрады. Ресурстық орталық үйде оқитын балаларға ерекше көңіл бөліп, оларды әлеуметтендіру мақсатындағы түрлі іс-шараларды ұйымдастырып тұрмақ. “Кедергісіз мектеп” жобасы аясында ұстаздар біліктілігін көтеру және өзге өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ие болады.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, Петропавлда 4 мыңнан астам оқуда ерекше қажеттіліктері бар бала тұрады. Бүгіндері осындай 250-ге жуық бала ғана орта мектепте білім алу мүмкіндігіне ие.

“Қызылжар-Ақпарат”.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp