«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛЫҚ ТӨЛЕУ СЕРВИСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жеке тұлғалар үшін салық төлемдерін қарау және төлеу сервисі іске қосылды. Аталмыш қызмет түрі “eGov.kz” порталының басты бетіндегі “Сервистер” бөлімінде орналастырылған.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер қоры интеграцияланғандықтан, салық төлеушіге әрбір көліктің салық төлеу сомасын бөлек есептеудің қажеті жоқ. Сервисте жалпы сомасы және оны төлеу үшін барлық қажетті деректер көрсетіледі.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген мүмкіндік Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді. Қанатқақты жоба кейін елдің барлық аумағында енгізілмек.

Бұған дейін аталған қызмет тек Мемлекеттік кірістер комитеті арқылы ұсынылған болатын.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp