«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒЫЛЫМИ СЕРПІЛІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Science” журналы 2018 жылдың ғылыми серпілісі атағына үміткер ғылыми жетістіктер тізімін жариялады. Ғылыми жетістіктер қатарында Гренландияда астероидтың құлауынан пайда болған кратердің табылуы бар.

Ол ғаламшардағы 25 алып кратердің қатарына еніп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, ол 2,6 миллион жыл бұрын пайда болуы мүмкін. 50 мың жыл бұрын өмір сүрген әйел ДНҚ-сы мен рибонкулеин қышқылы молекуласының алғашқы құрылымының анықталуы да биылғы басты ғылыми жетістіктер қатарына жатқызылған. Тізімде араға 40 жыл салып Калифорнияда орын алған адамдар өліміне қатысты істің ашылуы да бар. Бұған қылмыс орындарында табылған ДНҚ деректері арқылы қылмыскерлердің туыстарының анықталуы мүмкіндік берген.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp