Макаода тай боксынан өткен Азия біріншілігінен солтүстікқазақстандық спортшылар жүлделі оралды. Байрақты бәсекеге әлемнің 32 елінен 300-ден астам спортшы қатысқан болатын.
Ел құрамасының сапында сынға түскен жерлесіміз Евгений Зайцев 63,5 килограмм салмақ дәрежесінде үш кездесу өткізді. Алдымен непалдық, кейін малайзиялық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген жерлесіміз ақтық кезеңде тайланд өкілінен 28:29 есебімен жеңіліс тапты. Нәтижесінде Евгений Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Ал тағы бір жерлесіміз Руслан Заякин (71 кг.) Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілінен басым түссе, жартылай финалда қытайлық қарсыласынан жеңілді. Осылайша қызылжарлық сайыпқыран үздік үштікті түйіндеді.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.