2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылмайтын болды. Оның орнына жоғары оқу орындары өз үлгілеріндегі дипломдарын тапсырады. Сол арқылы олар өздерінің беделіне, білім сапасына, профессорлық-оқытушылық құрамына кепілдік береді. Осылайша, ендігі уақытта мемлекеттік үлгідегі дипломдар жойылады. Сонымен қатар елімізде 2021 жылдан бастап сапаны қамтамасыз етудің шарасы ретінде сертификаттау процедурасы да енгізілмекші.
“Қызылжар-Ақпарат”.