Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялады. Оның айтуына қарағанда, келесі жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында басталып, төрт рет өткізілмек. Сөйтіп, мектеп түлектеріне шартты түрде ақылы негізде оқуға түсуге бірнеше мүмкіндік беріледі. Министр шетел азаматтарының қазақстандық жоғары оқу орындарына оқу жылы кезінде де қабылдана берілетінін айтты.
“Қызылжар-Ақпарат”.