БОС ТҰРҒАН ҒИМАРАТТАР ЖӨНДЕЛЕДІ
Петропавлдың өнеркәсіп аймағындағы көп уақыттан бері бос тұрған ғимараттардың бір бөлігі биыл қалпына келтірілмекші.
Петропавлдың өнеркәсіп аймағындағы көп уақыттан бері бос тұрған ғимараттардың бір бөлігі биыл қалпына келтірілмекші.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын есептеу механизмі өзгерді.
Петропавлда салынып жатқан қазақ театрының жаңа ғимаратында Димаш Құдайберген ән салады.
Кеше жалпы білім беру пәндерінен республикалық оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңі басталды. Бұл білім бәсекесіне Петропавл қаласы мен өңіріміздің барлық ауданынан 584 оқушы қатысуда.
Әр матчтан кейін ойыншылардың статистикалық сараптамасын жүргізіп отыратын “Instat” компаниясы 2018 жылғы маусымда “Астананың” қорғаушысы Марин Аничичті үздік ойыншы деп таныды. Аничич 14 ойынның 12-сіне қатысып, бір гол соққан. Сондай-ақ, “Ренн” командасына қарсы өткен ойында ол әріптестеріне 87 пайыз дәл пас берген. Екінші орын биыл Қазақстан футболының “Жыл жаңалығы” атанған 20 жастағы Бахтиёр Зайнутдиновке бұйырды. …
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (“WBA”) барлық салмақ өкілдерінің рейтингін жариялады. Үздіктердің қатарында қазақстандық үш боксшы енді. Орта салмақтағы қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) канадалық Давид Лемьеге (40-4, 34 КО) жол беріп, рейтингте екінші орынға жайғасты.
Есіл ауданындағы Николаевка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Қосынның ашылу салтанатына қатысқан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев былтыр облыс аумағында орын алған өрт оқиғаларының себептеріне тоқталып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Петропавл қаласындағы №21 орта мектепте “Қалдықсыз ғаламшар” атты экологиялық акция өтті. Шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Владислав Орлов, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялардың өкілдері, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты.
Qazaqstan halqy oblystyq assambleıasynyń uıymdastyrýymen ótken “Qaıyrymdy jan — 2018” atty forýmda jomart jandarǵa qurmet kórsetіldі. Qoǵamdy qaıyrymdy іske jumyldyrý maqsatynda júzege asyrylǵan bul jobanyń aýqymy keń. Oblystyq forýmda on bіr qaıyrymdy azamattyń esіmі erekshe ataldy. Kóńіlі keń, peıіlі aq, júregі jomart azamattar jyl boıy muqtaj adamdarǵa kómek kórsetіp, qoldaý bіldіrgen.
Жаңа жылдың алғашқы күні өңірімізде 22 сәби өмір есігін ашса, оның он алтысы облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келді. – Жаңа жыл мен үшін қуанышты сәттерден бастау алды. Ана атанып, шексіз бақытқа бөлендім. Қызымды құшағыма алғандағы әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Отбасында сәбидің шат күлкісі естілгенге не жетсін! Әрбір шаңыраққа осындай қуаныш тілеймін, – дейді …
Жедел респираторлы вирустық инфекция – әлемде кең тараған аурудың түрі. Бұл ауруға көбінесе балалар шалдығады. Әсіресе, үш жасқа дейінгі балдырғандар жиі ауырады. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның ішінде тұмаудан қауіп зор. Сәбилер, жүкті әйелдер, егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдар абай болғаны жөн. Тұмаудың бірнеше түрі бар. Әсіресе, “А” және “В” вирусты тұмауы кең тараған.
Балдың емдік қасиеті жоғары. Оны бауыр ауруына қарсы ем ретінде де қолдануға болады. Ол үшін жарты литр зәйтүн (оливковое масло) майын, жарты келі бал, 50-100 миллилитр алма қышқылын (яблочный уксус) немесе екі лимонның шырынын бір ыдысқа салып араластырып, бетін жауып, тоңазытқышқа салып қою қажет. Қоспа біраз уақыт тұрған соң, оны араластыру керек.
Қазіргі таңда гайморитпен ауыратын науқастар саны азаймай отыр. Аурудың атауы жұртшылыққа кеңінен таныс болса да, бұл дерттің тигізер зардабын көп адам біле бермейді. Өйткені, кейбіреуі бұл ауруға көңіл бөлмейді. “Елемеген ауру жаман” демекші, кез келген сырқат түріне селқос қарамаған жөн. Жалпы, гайморит қандай ауру? Алдымен одан айығуға бола ма деген сауалдар көңілде қылаң берері анық.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен кезекті баспасөз мәслихатында былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен мереке күндері өңір аумағында орын алған төтенше оқиғалар туралы айтылды.
Гүлтөбе-Маманайда дүниеге келіп, қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан халқымыздың даңқты ұлдарының бірі – Сегіз сері Баһрамұлының есімі соңғы жылдары ел арасында жиі айтыла бастады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында: “Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс”, – …
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында 2018 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен сала мамандары марапатталды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысушыларға өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың құттықтауын жеткізді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы әлемге әйгілі Ботай қонысының негізінде республикалық тарихи-мәдени музей-қорығын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы аудандағы Сырымбет ауылының жанында республикалық маңыздағы мәдени ескерткіш – Айғаным қонысы да орналасқан. Сырымбет ауылында республикалық маңыздағы Шоқан Уәлиханов …
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында “Ұлы дала тұлғалары” ғылыми-көпшілік серияларын шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру қажеттігін тапсырған болатын. Қазақтың киелі топырағында талай нар тұлғалар дүниеге келгені белгілі. Өкінішке қарай, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы көпшілік біле бермейді.
Петропавл қаласында тұрғындарға цифрлық қызмет көрсету орталығы ашылды. Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет жаңа нысанда болып, жұмыс барысымен танысты.