«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.01.2019

ВОЛЕЙБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ДОДА

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан ерлер командалары арасында ел біріншілігінің екінші тур ойындары басталды. Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, төрт күнге созылатын аламан барысында “Алтай” (Өскемен), “Буревестник” (Алматы), “Павлодар” (Павлодар), “Тараз” (Тараз), “Атырау” (Атырау), “Маңғыстау” (Ақтау), “ТНК “Казхром” (Хромтау) және “Есіл” (Петропавл) командалары бақ …

ВОЛЕЙБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ДОДА Read More »

KÓKTAIǴAQPEN KÚRES

Petropavl qalasynda kóktaıǵaqqa qarsy jańa reagent paıdalanyla bastady. “Ledorýb” dep atalatyn reseılіk ónіm ázіrge Qazaqstan Konstıtýsıasy kóshesі boıyna sebіlýde. Quramy natrıı men hlorly kaltsııden turatyn reagent aıaq kıіmdі búldіrmeıdі, janýarlar úshіn de qaýіpsіz, deıdі mamandar. Qospa muzben áreketteskendіkten, jol tósemіne zıan keltіrmeıdі eken. Esesіne taza órnektasqa sebіlgen qospa 3-4 kún boıy muzdyń paıda bolýyna jol …

KÓKTAIǴAQPEN KÚRES Read More »

ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

“АДОН-Север” қоғамдық бірлестігі дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, мәдениет пен шығармашылыққа баулуды көздегендіктен, облыс орталығындағы “Қызылжар” мейрамханасына жиналған бүлдіршіндердің назарына алдымен мерекелік қойылым ұсынылды. Биылғы қайырымдылық шарасында жүзден астам бүлдіршін тәтті тағамдардан дәм татып, би билеп, әртүрлі сыйлықтар алды.

МҰҒАЛІМДЕР САЙЫСЫ

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде арнаулы орта білім беру мұғалімдерінің арасында спорттық жарыс өтті. Осыдан екі жыл бұрын ұйымдастырылған сайыста ұстаздар волейбол, шахмат, дартс бойынша сынға түссе, осы жолы спартакиада ойындарының тізіміне бес асық және асық ату атты ұлттық ойындар енгізілген.

КІНӘЛІ ЖАЗАСЫН АЛА МА?

Петропавл қалалық сотында “Ударник” түнгі клубының маңында екі қызды қағып кеткен “Лексус” көлігінің жүргізушісі Илья Старухинге қатысты қылмыстық іс қаралуда. Алғашқы сот отырысында айыптаушы тарап 27 жастағы Илья Старухинге мас күйде рөлге отырып, 22 жастағы Татьяна Балабанды және 25 жастағы Ксения Овсянникованы соғып кетті деп айып таққан болатын.

БАЛАБАҚША – БАЛ МЕКЕН

Осыдан бес жыл бұрын Тәуелсіздік күні қарсаңында облысымыздың орталығында “Алпамыс” бөбекжай-бақшасы ашылып, кішкентай тәрбиеленушілерін қабылдай бастады. “Балапан” бағдарламасы аясында пайдалануға берілген жаңа мекеме табалдырығын алғашқы болып аттаған бүлдіршіндер бүгінде өз мектептерінің үздік оқушылары қатарынан көрінуде. Бұған балабақша ұжымының қосқан үлесі зор деп білеміз.

АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖЕТІСТІКТЕР

“ЛОРД” дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру моделі бойынша қызмет көрсете отырып, жаңашылдық енгізу, азаматтық функция рөлімен әлеуметтік қажеттілігін арттыру, жастардың дене және психологиялық денсаулығын нығайту, жалпы және пәндік қабілеттерін жетілдіру, барлық пәндердің мазмұнын қоғамдық компонентпен байыту, шығармашылық ойлау және дарындылықты дамытуға жағдай жасау міндеттерін іске асырады.

ӘКЕ МҰҢЫ

Алмат ақсақал бейуақытта безілдей жөнелген телефонға лезде жетті. Қоңырау шалып жатқан келіні екен:

ОТЫРҒАН ҚЫЗ ОРНЫН ТАБА МА?

Әсел теңін тауып, тұрмыс құруға асықпады. Отызға таяп қалған ол қазір үлкендердің астарлап айтқан әңгімесінен қашқақтайды. “Қыз мұраты кету” демекші, әрбір нәзік жанның сүйікті жар, аяулы ана атануы табиғи заңдылық екенін туысқандар да ұғындыруға тырысып бақты. Жалғыз перзенттерін әлпештеп өсірген ата-ана қыздарының бақытына кедергі келтіргендерін кеш ұғынды. Өздері ерте жаста отау құрып, оқи алмағандықтан, қыздарының …

ОТЫРҒАН ҚЫЗ ОРНЫН ТАБА МА? Read More »

КӨМБЕ

Халқымыздың ұлттық тағамдарының алуан түрлілігі таңдай қақтырады. Солардың бірі – бүгінде ұмытыла бастаған көмбе тағамы. Астың бұл түрін бабаларымыз көбіне далада көшіп-қонып жүргенде немесе аң аулағанда, ыдыс жоқ жағдайда жерді қазып, жас етті қарынға салып дәмді етіп пісірген.

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

Отбасын құру­ – адам өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі. Шаңыраққа ие болу ер-азаматтарға, бір ошақтың отын жағып, түтінін түтету нәзік жандарға жүктелген. Бала тәрбиелеу қажырлы еңбекті қажет ететіні ақиқат. Қазіргі жастар бала тәрбиесіне қаншалықты мән береді?

БЕРЕКЕЛІ ӘУЛЕТ

Тоғыз ай құрсағында көтеріп, өмір бойы жүрегінде сақтайтын ананың перзентіне деген махаббаты шексіз. Жарық дүние сыйлаған анаға әрбір адам қарыздар. Аяулы жанның аялы алақаны, мейірімге толы жүрегі мен пәк көңіліне тең келер не бар? Ана – отбасының шуағы, шаңырақтың шаттығы. Балаларын байлығына балайтын Шәрипа Құсанова сияқты ананың жан жылуын сезінген ұл-қыз неткен бақытты десеңізші!

КӨҢІЛДІ КЕШ

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кішкентай көрермендер “Аквамен” фильмін кинотеатрда тегін тамашалауға мүмкіндік алды.

ҚАЙЫН АТАМНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Келін мен ененің қарым-қатынасы мен өзара сыйластығы туралы жиі айтылып жүр. Жаңа түскен келінді қызындай қабылдап, аналық мейірімін көрсеткен енелер жайлы жазылған мақалалар аз емес. Отбасында ене ғана емес, даналықтың үлгісін көрсетіп, ұрпаққа өнегелі тәрбие беретін қайын атаның да алатын орны ерекше.

СҮЙІНДІК БАТЫР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында “Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті”, – деген болатын.

ЛАҢКЕСТІК – ҚОҒАМҒА ҚАУІП

Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің басты қаупі – терроризм. Қазіргі уақытта, терроризм мен экстремизм кез келген елге төнетін басты қауіпке айналып отыр. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес терроризм – күш қолдану және халықты үрейлендіруге байланысты жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған қылмыстық әрекеттерді жасау немесе жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі …

ЛАҢКЕСТІК – ҚОҒАМҒА ҚАУІП Read More »

АДАЛДЫҚ – АРДЫҢ ІСІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің Қазақстан халқына арнаған “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және заңның үстемдігін негізгі басымдықтар ретінде белгілегені кездейсоқтық емес. Сыбайлас жемқорлық – қоғамды кері сүйрейтін кесел. Спорт саласында да сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалып келеді.

“АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯ” АСТЫҚ ӨСІМІН АРТТЫРАДЫ

Бүгіндері “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру баршаның басты міндетіне айналып отыр. Бұл – жаһандану үрдісінен туындаған уақыт талабы. Себебі, онсыз қай салада болмасын өзгерістер жасау қиын. Елбасы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін цифрландыру жөніндегі қанатқақты жобаларды табыстарымыздың берік кепіліне айналдырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату міндетін …

“АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯ” АСТЫҚ ӨСІМІН АРТТЫРАДЫ Read More »

ҮРЕЙ ТУҒЫЗҒАН ОТШАШУ

Қаңтардың біріне қараған түні даладағы шатыр-шұтыр жұрттың үрейін туғызды. Құдай сақтасын, қала кәдімгі оқ пен оттың ортасында қалғандай. Бірер минуттық қызық үшін аспанға атылған отшашу сатып алуға шығындалған жұртшылыққа жаным ашыды. Окопта жатқан солдаттай үйлердің терезесінен сығалап, құлаққа түрпідей тиген тарсыл қашан басылар екен деп менің ғана емес, көпшіліктің мазасы қашқан болуы керек. Тіпті, екі …

ҮРЕЙ ТУҒЫЗҒАН ОТШАШУ Read More »

ӘСКЕРИ ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда азаматтарды әскери тіркеу науқаны басталды. Бұл шара ұлттық армиямыздың сапына тұруға жарамды болашақ жауынгерлердің санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін нақтылау мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ, оның аясында келешекте әскерге шақырылатын жастардың білім деңгейі, мамандығы және шымырлығы бағаланады.