«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.01.2019

ЭЛЕКТРОНДЫ ВИЗА РЕСІМДЕЛЕДІ

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір реттік визаны электронды форматта алу ресімі енгізілді. Бұл рәсімнің нәтижесінде Қазақстанға келетін шетелдік азаматтарға қолайлы жағдай жасалмақ, сонымен қатар сырттан келетін туристердің саны айтарлықтай өсуі мүмкін.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСТІ

Қазақстандық әйелдердің зейнет жасы тағы да ұлғайтылды. Ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болды. Зейнетақы заңнамасындағы ең маңызды өзгерістің бірі – әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен арттыру. Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру 2018 жылдан бастап 10 жыл бойы жыл сайын алты айдан артатын болады.

ТАРИФТЕР АРЗАНДАДЫ

Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде коммуналдық төлемдерді төмендетуге қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған мемлекеттік мекеменің басшылығы, қызметкерлері, Петропавл қаласындағы монополист ұйымдар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау қызметінің инспекторы Александр Бодуновскийдің төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының облысымызда іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өтті, онда есепті кезеңдегі жұмыстың қорытындылары талқыланды.

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік таңының атқанына 27 жылдан асты. Егемендіктің алғашқы күнінен бастап елдің қоғамдық қауіпсіздігі мен ішкі тәртібін күзету, аса маңызды нысандарды қорғау мемлекетіміздің маңызды мақсаттарының біріне айналды. Өткенді саралап, болашақты бағалау үшін кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұланның тарихына, біздің әскери институттың жеткен жетістігіне тоқталып өткенді жөн көрдік.

МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙДІ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өткен жылдың қараша айынан қазақстандықтар мобильдік құрылғылары арқылы “Digital agent” ақпараттық бағдарламасын қолдана бастады. Бір айдан соң бұл қосымшаға толықтырулар енгізіліп, тұрғындар үшін мемлекеттік кіріс, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеттері жұмыстарының сапасын бағалау мүмкіндігі туды.

БОЛАШАҚ — БІЛІМДІ ЖАСТАР ҚОЛЫНДА

Адамзат баласы қол жеткізген ұлы игіліктердің барлығы білім мен ғылымның арқасында жасалды. Заманауи білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті, жан-жақты, көп тілді меңгерген мамандар даярлауға негізделіп отыр. Біздің елімізде де білім саласы дамудың негізгі тетігі етіп белгіленіп, оны жаңғырту жолында қыруар істер атқарылуда.

ШЕШІМІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ АЗ ЕМЕС

Өңірімізде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері басталды. Қаңтардың төртінде басталған есеп беру науқаны Қызылжар ауданының жиырма шақты ауылын қамтып үлгерді. Вагулино, Асаново, Березовка, Куйбышев, Прибрежный, Налобино, Петерфельд, Қызылжар, Рощинск және Якорь ауылдық округтерінің әкімдері тұрғындарды өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінен хабардар етіп, алдағы уақытқа белгіленген жоспарларымен бөлісті. Бұл жиындарға округ әкімдерімен қатар …

ШЕШІМІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ АЗ ЕМЕС Read More »

ҚҰРЫЛЫС ҚЫСТА ДА ҚАРҚЫНДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кеше Петропавл қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өңір басшысы алдымен “Жас өркен” шағынауданындағы “DBK-ENGINERING” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс алаңында болды. Заманауи үлгідегі қазақ драма театрының құрылысын жүргізіп жатқан серіктестіктің өкілі Е.Кремнев атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.