«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.01.2019

АРҚАНЫҢ АҚТАҢГЕРІ

ХІХ-ХХ ғасырлар – халқымызға небір дарынды, тума таланттардың шоғырын сыйлаған кезең. Қазақ әдебиетінде жыраулар дәстүрі мен Абай негізін қалаған жаңа жазба әдебиеттің арасын жалғаған, біріктірген, рухани алтын көпірі бола білген қазақ ақындарының ішінде әдебиет тарихында өз орны бар ірі тұлғалардың бірі – Орынбай Бертағыұлы.

ҚЫЗ — ҰЛТТЫҢ АРЫ

Әр ұлттың өз ұстанымы, нанымы мен болмысы болады. Сол секілді біз де бабаларымыздан аманат болып қалған салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, рухани қазынамызды көздің қарашығындай сақтап отырған халықпыз. Алайда, “періштені жолдан тайдырған алтын” секілді қу заман талай адамның кіршіксіз арын кірлетіп, санасына селкеу түсіріп жатыр.

САПАСЫЗ ӨНІМДЕР АЗАЙМАЙ ТҰР

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тұрғындарды инфекциялық және өзге де аурулардан қорғауға бағытталған міндеттерінің бірі – саудаланып жатқан өнімдердің қауіпсіздігін бақылау. Мұндай шаралар Еуразиялық экономикалық одақ пен еліміздің техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

ТИІМДІ ЖОБАНЫҢ ИГІЛІГІ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылы “Бизнес Бастау” жобасы аясында 2060 солтүстікқазақстандықты кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытты. Аудандар бойынша жұмыссыз жандарға іскерліктің қыр-сырын оқытудан Қызылжар, Айыртау және Тайынша аудандары көш бастады. Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Гүлмира Шоқтыбаеваның айтуынша, бұл аудандардың әрқайсысында екі жүздей адам арнайы оқудан өтті.

ҚЫРАҒЫ ЖІГІТТЕР

Жақында петропавлдық Талғат Мәліков пен Айболат Бүркіталин нашақорларды қолға түсірді.

СҮТ ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ

Смирново тұрғындары Евгений Данько мен Ермек Тәжібаев өткен жылы қосалқы шаруашылықтардан сүт жинайтын кооператив құрған болатын. Олар алғашында жинаған сүтін Лесное ауылында орналасқан “Ростан” ЖШС-нің сүт өңдейтін цехына өткізіп тұрған.

МҰҚТАЖ ЖАНДАР КӨМЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, тек мұқтаж азаматтарға ғана беру қажет екенін атап өтті.

АУЫЛДАРҒА — ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТ

“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді жүзеге асыру – жұмысымыздағы басым міндеттердің бірі. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы “Қазақстанның ауылдық елді мекендерін оптикалық-талшықты технология арқылы кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету” жобасы аясында жүзеге асырылатын болады.

ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Кейбір адамдардың ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал екіншілері үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналған сияқты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық кей жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен жұмыс деп санайды. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ғана міндеті сияқты. Осындай көзқарас, сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді. Халықтың …

ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ Read More »

ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Облыс әкімдігінде өңіріміздің мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен жуырда ашылған “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің қызметін үйлестіру және бірлесіп жұмыс істеу мәселелерін талқылауға арналған кездесу өтті.

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

“Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды “Жастар жылы” деп жариялауды ұсынамын”, – деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында. Яғни, жастарға көрсетілетін қамқорлық артып, түрлі салалар бойынша қолға алынған бастамаларға қолдау көрсетілетін болады. “Жастар жылын” табысты өткізуді …

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ Read More »

ҒИБРАТҚА ТОЛЫ ҒҰМЫР

Облыс орталығында Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с). туған күні – Мәуліт мерекесі аталып өтті. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында ұйымдастырылған “Ғибратқа толы ғұмыр” атты рухани шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, Алматыдағы “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлы, көрші Ақмола және Қостанай облыстарының, қала және аудан мешіттерінің имамдары мен өңір жұртшылығы қатысты.

ТӨРТ РЕТ ТАПСЫРАДЫ

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы бұрынғысынша сақталады. Алайда, Білім және ғылым министрінің шешімімен ол жыл бойына төрт рет – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілетін болып отыр. 15-20 қаңтар аралығындағы алғашқы тестілеуде өңіріміздің 1020 жоғары сынып оқушысы өз білімін тексеріп көрмекші.

ӨЗ ІСІНІҢ БІЛГІРІ

Ер-азаматтар сияқты, нәзік жандар да өндірістің сан түрлі саласында жемісті қызмет етіп келеді. Сондай еңбекқор жандардың бірі – Асылтас Қабдөшова.

АУЫЗСУ ТАПШЫ

Мамлют ауданындағы Воскресеновка ауылдық округінің тұрғындары көптен бері таза ауызсу тапшылығын көріп келеді. Облыс орталығынан 50 шақырымдай жерде орналасқан елді мекен тұрғындары өздерін қажытқан бұл мәселені ауылдық округке есеп бере келген аудан басшылығының назарына тағы бір салды.