Крещениеге әзірленіп жатыр
Ертең, қаңтардың 19-ы, христиан қауымы Крещение мерекесін атап өтеді.
Ертең, қаңтардың 19-ы, христиан қауымы Крещение мерекесін атап өтеді.
Өткен жылы Қызылжар өңірінде 572 заңды тұлға тіркеліп, 189 шаруашылық субъектісі өз қызметіне кірісіп кеткен.
Соңғы екі жылда Мамлют ауданының Бостандық ауылына оңтүстіктен он отбасы қоныс аударған. Оның жетеуі – дүнген, үшеуі – қазақ отбасылары. Олардың 15 оқушысы, мектеп жасына дейінгі 18 баласы бар. Мектеп директоры Айгүл Сарбасованың айтуына қарағанда, ауылдағы білім беру мекемесінде 65 оқушы оқып жатыр.
Алтынгүл Сәдуова Петропавлдағы өнер колледжінде эстрадалық ән мамандығы бойынша төртінші курста білім алады. Дарынды өрен жүректі тебірентер әсем дауысымен талай сахнаның сәнін келтіріп жүр. Алтынгүлдің отбасы да өнерге біртабан жақын адамдар. Сондықтан да болар, ол мектеп қабырғасынан түрлі концерттерге қатысып, ән айта бастаған. Кейін облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығына барып, “Айналайын” ансамблінде Ботагөз Мәметовадан …
Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Дәулет Тұрлыханов… Олимпиада шыңын бағындырған бұл жандарды қазақтың маңдайына біткен балуандары десек, артық айтпаймыз. Грек-рим күресінің жілігін шағып, майын ішкен спортшылар қазақтың талай баласына үлгі болды. Бүгіндері солардың жолын қуған жастардың бірі – петропавлдық Бауыржан Мусин де белдескеннің тізесін бүгіп, жауырынын жер иіскетіп жүр. Өңіріміздің, еліміздің құрама командасының қоржынына бірнеше алтын …
“Zhasproject” жобасына былтыр республикамыздың алты облысынан 3500 жас қатысып, өздерінің бизнес саласындағы тың идеяларын жолдаған болатын. Жоба аясында республика бойынша мыңнан аса азамат 1 млн. теңгенің грантына ие болды. Солардың қатарында Уәлиханов ауданында тұратын ағайынды Нұрболат, Әділ, Анар, Мәулетбай Құрмановтар мен Бақтияр Әубәкіров те бар.
Қызылжар аудандық жастар бастамалары орталығы өңіріміздегі үздік өрендерді анықтап, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған “Самұрық – 2018” конкурсында “Үздік жастар ұйымы” аталымын жеңіп алды. Бұл марапатқа өткен жылы атқарған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде қол жеткіздік.