Ертең, қаңтардың 19-ы, христиан қауымы Крещение мерекесін атап өтеді.
Бұл күні жылдағы дәстүрмен христиандар өзен-көлдерде ойыққа түсіп, құлшылық жасайды. Осыған орай солтүстікқазақстандық құтқарушылар қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Биыл облыс бойынша 30-дан астам ойық әзірленіпті, оның екеуі – Петропавлда. Облыс орталығындағы ойықтар маңында таңсәріден түн ортасына дейін құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем бригадалары кезекшілікте жүреді. Бұл күні бірқатар автобус бағыттарына да өзгеріс енгізілмекші.