Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың тұрғындармен есепті кездесуі 22 ақпан күні сағат 15-те Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ғимаратында өтеді.
Облыс әкімінің сөйлеген сөзі “МТРА” телеарнасында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының www.sko.gov.kz ресми интернет-ресурсында тікелей көрсетілетін болады.
Барлық тілек білдірушілер облыс әкіміне өздерінің сұрақтарын 10 ақпанға дейін 8(7152) 35-02-04 телефоны, www.sko.gov.kz ресми сайты арқылы қоя алады. Сондай-ақ, сұрақтарды “есепті кездесуге” белгісімен жазбаша түрде мына мекенжайға жіберуге болады: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.
Сонымен қатар 22 ақпан күні сағат 15-тен 16-ға дейін Call-орталық 8 (7152) 35-00-07 жұмыс істейді.